
Дуйсегалиева Гаухар Муксиновна – 1984 жылдың 25 мамырында Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында дүниеге келген.
2001 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясына түсіп, аталған оқу орнынан 2007 жылы медико-профилактикалық ісі, дәрігер-гигиенист эпидемиолог мамандығын алып шығады.
Жоғарғы оқу орнын аяқтаған соң, еңбек жолын 2007 – 2008 ж.ж.аралығында Орал қалалық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының эпидемиология бөлімінің бас маманы қызметінен бастады.
-2008-2009 ж.ж. аралығында Орал қалалық мемлекеттік санитариялық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының коммуналдық гигиена бөлімінің бас маманы;
- 2009-2014 ж.ж аралығында Орал қалалық мемлекеттік санитариялық –эпидемиологиялық қадағалау басқармасының санитарлық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы;
- 2014-2016 ж.ж аралығында Орал қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының санитарлық-гигигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы;
- 2016-2017 ж.ж аралығында "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Батыс Қазақстан облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Орал қалалық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі" санитариялық-гигиеналық кадағалау және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімі басшысы;
- 2017-2019 ж.ж аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Орал қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы;
- 2019-2020 ж.ж аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Батыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Орал қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы;
- 2020-2021 ж.ж аралығында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Орал қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
2021 жылдың 2 наурызында Қаратөбе аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына ауысып, Басқарма басшысы қызметіне тағайындалды.
2022 жылдың 11 наурызынан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Орал қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарып келеді.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын арттыруға қосқан үлесі үшін (2013), 2017 жж. Орал қаласы әкімінің, 2021 ж. «Ұлттық сараптама орталығы» БҚО бойынша филиалы басшысының, 2025 ж. БҚО Бас санитарлық дәрігерінің алғыс хаттарымен марапатталған.
Гаухар Муксиновна мемлекеттік қызметке сіңірген абыройлы да адал еңбегімен жастарға үлгі болып келе жатырған ұжым мақтанышы.