
Ялпакова Әлия Жұмағазықызы-1990 жылы 24 қазанда Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Каменка ауылында дүниеге келген.
2013 жылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетін «қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2013 жылы Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің тамақтану бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған.
10.02.2014ж.-05.01.2015ж Тасқала аудандық МСЭҚ басқармасының тағам гигиенасы, санитарлық гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы;
05.01.2015ж.-23.04.2017ж.-ҚР ҰЭМ ТҚҚК БҚО ТҚҚД Тасқала аудандық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы тағам гигиенасы санитарлық гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы;
24.04.2017ж.-20.05.2018ж.- ҚР ДСМ ҚДСК БҚО ҚДСД Тасқала аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы;
21.05.2018ж.-17.06.2019ж.- ҚР ДСМ ҚДСК БҚО ҚДСД Тасқала аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы;
17.06.2019ж.-17.11.2020ж.-ҚР ДСМ ТКҚСҚБК БҚО ТКҚСҚБД Тасқала аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы;
18.11.2020ж.- қазіргі уақытқа дейін ҚР ДСМ СЭБК БҚО СЭБД Тасқала аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысықызметін атқарады.
Әлия Жұмағазықызы қоғамдық жұмыстарғада белсене қатысады (қайырымдылық, спорттық шараларға ,оның ішінде пневматикалық қару ату).
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын арттыруға қосқан үлесі үшін 2018 жылы БҚО қоғамдық денсаулық сақтау департамент басшысы Ж.Курмановтың «Мадақтама» хатымен , 2020 жылы ҚР Президенті Касым-Жомарт Кемелұлының «Халық Алғысы» медальмен, 2020 жылы БҚО әкімінің Ғ.Ескалиевтың «Алғыс хат», 2020 жылы вице-министр Л.Бюрабековтың«Алғыс» хатымен, 2021 жылы «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Е.Киясовтың «Құрмет грамотасы» және 2021 жылы Тасқала ауданы әкімінің А.Халеловатың «Алғыс хатымен » марапаталды.
Ялпакова Әлия Жұмағазықызы - жас та болса, бас бола білген, антына адал, ісіне берік басшы.