
Муканова Ләззат Нуридоллақызы-1966 жылы 10 наурызда Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Сулыкөл ауылында дүниеге келген.
1984-1990 жылдары Қарағанды мемлекеттік медицина институтына түсіп, гигиенист-эпидемиолог мамандығын тәмамдаған.
1991 жылы Сырым аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бекетінде дәрігер-эпидемиолог қызметін атқарып бастаған.
2019 жылдың 1 тамызынан бастап Сырым аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарады.
2012 жылы «Үздік дәрігер-эпидемиолог», 2013 жылы ауданның «ЖЫЛ ҮЗДІГІ» номинациясы, ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Құрмет грамотасымен», Аудан әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу бойынша жүргізілген іс-шараларға белсене араласып, өзінің терең білімімен кәсіби шеберлігін көрсетіп, аянбай қызмет етті.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге қосқан жеке және адал еңбегі үшін бірнеше рет ҚР ДСМ –нің алғыс хатымен, бірнеше рет облыстық СЭБД-нің, аудандық СЭББ-ның және аудан әкімінің құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен , «АMANAT» партиясының облыстық, аудандық филиалының төрағасының алғыс хаттарымен марапатталды.
Лаззат Нуридоллақызы еңбекқорлықты талап ететін мемлекеттік қызметте өзіндей үлгі тұтар мемлекеттік қызметшілерді тәрбиелеп келеді.