
Мукамбеталиева Қарылғаш Хайыровна -1965 жылы 23 ақпанда Сырым ауданы Өленті ауылында дүниеге келген.
1986-1992 жылдары Қарағанды мемлекеттік медициналық институттын санитар-гигиенист мамандығы бойынша тәмамдаған.
Оқуы тәмамдағаннан соң Сырым аудандық СЭС-на санитарлық дәрігер болып жолданды.
1993-2004 жылдары санитарлық дәрігер болып қызмет атқарды;
2004-2015 жылдары Сырым аудандық ТҚҚБ бас маман болып жұмыс жасады.
Қарлығаш Хайырқызы әлі күнге дейін қоғамдық жұмыстарғада белсене қатысады, әсіресе спорттық шараларға, мемлекттік қызметкерлер арасында болған спартакиадаларға қатысты (жүзу, жүгіру түрлеріне).
2019 жылдан бастап Сырым аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында бөлім басшысы қызметін атқаруда.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын арттыруға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Алғыс хаты», «Аманат» партиясы Сырым аудандық филиалының төрағасының, БҚО әкімінің және аудан әкімінің, БҚО СЭБД, Сырым аудандық СЭББ басшысының алғыс хаттарымен, құрмет грамоттарымен марапатталды.