Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22004 болып тіркелді.

 "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 26), 40-2) және 40-4) тармақшаларына, 19-бабының 1) және 2) тармақшаларына және 20, 21 және 22-баптарына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Преамбула жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.11.2022 № ҚР ДСМ-126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру және олардың тізілімін жүргізу қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу қағидалары;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату қағидалары;

      5) осы бұйрыққа 4-1-қосымшаға сәйкес "Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтерді көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.11.2022 № ҚР ДСМ-126 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      2. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына
1-қосымша

 

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.02.2023 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 19-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және 20-бабына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және эпидемиялық мәні жоғары объектінің және қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру, қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату бойынша тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама – органолептикалық, санитариялық-гигиеналық, микробиологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық, иммундық-биологиялық, молекулалық-генетикалық, токсикологиялық, радиологиялық, радиометриялық, дозиметриялық өлшеулердің, электрмагниттік өрістер мен физикалық факторларды өлшеулердің, басқа да зерттеулер мен сынақтардың кешені, сондай-ақ жобалардың, өнімнің, кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызмет объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін бағалау мақсатында жобалардың сараптамасы;

      2) санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды – мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін растайтын құжат;

      3) иондаушы сәулелену көзі (бұдан әрі – ИСК) – радиоактивті заттар, құрамында радиоактивті заттар бар аппараттар немесе құрылғылар, сондай-ақ иондаушы сәуле шығаратын немесе шығаруға қабілетті электрофизикалық аппараттар немесе құрылғылар.

2-тарау. Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібі

      3. "Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – объектінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) тиісті аумақтағы объектінің орналасқан жері бойынша "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2025 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны (бұдан әрі – объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды) алу үшін жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген нысан бойынша өтініш және осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген Объектінің мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің (бұдан әрі – объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызмет Тізбесі) 8-тармағына сәйкес құжаттарды жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2025 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті келіп түскен күні тіркейді. Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген мерзімде өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған өтінішті өтінішті қабылдаудан бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Аккредиттелген зертханалар жүргізген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының мерзімі 1 жылды құрайды. Аккредиттелген зертханалар жүргізген өлшемдер хаттамаларының қолданылу мерзімі 3 жылды құрайды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2025 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 4 (төрт) жұмыс күнде көрсетілетін қызметті алушы объектіге кіруін қамтамасыз еткен жағдайда мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау жүйесі құжаттарының талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және объектіге бару туралы көрсетілетін қызметті алушыны алдын ала хабардар ету. Оның нәтижелері бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша объектіні санитариялық-эпидемиологиялық тексеріп қарау актісі ресімделеді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2025 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері объектіге тексеру жүргізгеннен кейін осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген объектіні санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісінің және Объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды, оң қорытынды болған кезде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24082 болып тіркелген) нысан бойынша объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ресімдейді және береді.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың Объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде, көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 66-бабында көзделген тәсілдердің бірімен көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім туралы хабарлама жібереді. Хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызмет аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешіміне қарсылық білдіруге немесе ұсынуға құқылы.

      Тыңдауды өткізу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ресімдейді және береді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2025 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      11. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2025 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын хабардар етеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және/немесе толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

3-тарау. Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібі

      13. "Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері тиісті аумақтағы объектінің орналасқан жері бойынша (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2025 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны (бұдан әрі – жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды) алу үшін жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 6-қосымшада көрсетілген нысан бойынша өтінішті және осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген Жобаларға мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің (бұдан әрі – Жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесі) 8-тармағына сәйкес құжаттарды портал арқылы жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетке" жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2025 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күні оны тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      16. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2025 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген мерзімдерде өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған өтінішті қабылдаудан бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2025 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Көрсетілетін қызметті алушы Жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері объектіге бармай-ақ 6 (алты) жұмыс күні ішінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігіне құжаттарға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізеді.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2025 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізгеннен кейін Жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың оң қорытындысы болған кезде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24082 болып тіркелген) нысан бойынша 2 (екі) жұмыс күні ішінде жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны ресімдейді және береді.

      20. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың Жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 66-бабында көзделген тәсілдердің бірімен көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім туралы хабарлама жібереді. Хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызмет аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешіміне қарсылық білдіруге немесе ұсынуға құқылы.

      Тыңдауды өткізу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ресімдейді және береді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2025 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      21. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2025 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын хабардар етеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және/немесе толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      22-1. Қағаз нысанда берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының телнұсқасын алады.

      Егер санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды қағаз нысанда берілсе, көрсетілетін қызметті алушы өтініш бойынша оларды электрондық форматқа ауыстыруға және санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының электрондық нысанын алады.

      Көрсетілетін қызметті беруші санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының телнұсқасын немесе электрондық форматқа ауыстыруды беруді "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тарау 22-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2025 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      23. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Тікелей мемлекеттік қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданатын көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      Шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

5-тарау. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтата тұру тәртібі

      24. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтата тұру үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқаманың орындалмауы негіз болып табылады.

      25. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтата тұруды объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген көрсетілетін қызметті берушілер жүзеге асырады, ол халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган басшысының немесе ол болмаған кезде - оны алмастыратын адамның шешімімен ресімделеді.

      Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтата тұру мерзімі бір айдан және алты айдан кем болмауы тиіс.

      26. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны тоқтата тұру туралы шешім шығарылған кезде көрсетілетін қызметті беруші шешім шығарылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шешімде көрсетілген мерзімге объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтата тұру туралы мәліметтерді рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізеді.

      27. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтар жойылған кезде көрсетілетін қызметті алушы объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті берушіге объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтарды жою туралы өтініш беруге құқылы.

      28. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы бұзушылықтарды жою туралы өтініш берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген тәртіппен бұзушылықтардың жойылуын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы бұзушылықтарды жою фактісін растаған кезде көрсетілетін қызметті беруші рұқсаттың қолданылуын қайта бастау туралы шешім қабылдайды, ол халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган басшысының немесе ол болмаған кезде – оны алмастыратын адамның шешімімен ресімделеді.

      29. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын қайта бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтарды жою фактісін растау негіз болып табылады.

      30. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыдан айыру "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – ӘҚБТ) көзделген тәртіппен соттың күшіне енген шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      31. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықты белгіленген мерзімде жоймау объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыдан айыру үшін негіз болып табылады.

      32. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыдан айыру туралы сот шешімі күшіне енген кезде көрсетілетін қызметті беруші күшіне енген сот шешімін алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жібереді.

      33. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу объектіге тексеріп қарау жүргізбей, мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) құжаттағы қателерді (қателерді) анықтау;

      2) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 45-бабында көзделген заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру;

      3) объектінің орналасқан жерінің мекенжайын физикалық ауыстырмай өзгерту;

      4) көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атауын өзгерту;

      5) объектінің нысаналы мақсатын, жүзеге асырылатын қызмет түрін, технологиялық процессін, қуаттылығын өзгертпей және объектіге құрылымдық өзгерістер енгізілмеген, басқа тұлға қолданыстағы объектіге меншік құқығын алған жағдайда.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2025 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. Осы Қағидалардың 33-тармағында көзделген жағдайларда санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеуге негіз болған тиісті өзгерістер туралы растайтын құжаттармен бірге осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес өтініш жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы "жеке кабинетке" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күні оны тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы Қағидалардың 6, 7, 10 және 16, 17, 20-тармақтарында көзделген ұқсас рәсімдерді жүзеге асырады.

      Оң қорытынды болған кезде көрсетілетін қызметті беруші 4 (төрт) жұмыс күні ішінде санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдейді не теріс қорытынды болған кезде көрсетілген мерзімдерде санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2025 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу бұрын берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды туралы мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып жүргізіледі.

      36. Көрсетілетін қызметті беруші растайтын құжаттарды ұсынбаған немесе тиісінше ресімдемеген кезде осы Қағидалардың 33-тармағында көзделген негіздер бойынша бастамашылық жасалған санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеуден бас тартады.

      37. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган көрсетілетін қызметті берушіден күшіне енген сот шешімін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде рұқсаттың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдайды, ол халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган басшысының немесе ол болмаған кезде – оны алмастыратын адамның шешімімен ресімделеді.

      38. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтату үшін негіз болып табылады:

      1) объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыдан айыру;

      2) рұқсат беру тәртібінің күшін жою;

      3) заңды тұлғаның қызметін тоқтату, тарату;

      4) көрсетілетін қызметті алушының объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтату туралы ерікті өтініші;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар.

      Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуы тоқтатылған сәттен бастап көрсетілетін қызметті алушы объектілерге жүзеге асыруға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берілген қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыра алмайды.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2025 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      39. Жобаларға арналған санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының жарамдылығын тоқтату тәртібі ӘРПК-нің 84-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тарау 39-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2025 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

  Санитариялық-
эпидемиологиялық
қорытындыларды беру бойынша
мемлекеттік қызметтерді
көрсету қағидаларына
1-қосымша

 

"Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің негізгі талаптарының тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2025 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы:
"Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру".
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы:
- санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын қайта бастау;
- санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу;
- санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтату;
- санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының телнұсқасын беру.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Републикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті беру тәсілдері

"электрондық үкімет": www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

13 (он үш) жұмыс күні.

4

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталда: (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда) тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

- осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
- осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулерге (сынақтарға) сәйкес тәуелсіз аккредиттелген зертханалар жүргізген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының электрондық көшірмесі.
- жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты (2023 жылдың 1 шілдесіне дейін объектінің техникалық паспорты).

9

Қазақстан Републикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4-тармағына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары gov.еgov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мүмкіндігі бар.
3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
4. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде нашар көретін адамдар үшін нұсқасына қолжетімді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары gov.еgov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

 

 

  Санитариялық-
эпидемиологиялық
қорытындыларды беру бойынша
мемлекеттік қызметтерді
көрсету қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  ____________________________
басшының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)
___________________________
мемлекеттік органның атауы
_________________________
___________________________
өтініш иесінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
___________________________
___________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі/
бизнес сәйкестендіру нөмірі
___________________________
өтініш иесінің мекенжайы
____________________________
___________________________
өтініш иесінің байланыс
телефоны

 

Өтініш

      Сізден ______________________________________________________________

      (аудан, көше, үй, пәтер)

      _________________________________________________________________ ________

      бойынша орналасқан

      _________________________________________________________________________

      объектінің нысаналы мақсаты

      _________________________________________________________________________

      тексеруді және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      қолы,күні, айы, жылы

      Қосымша (құжаттардың көшірмелері): 1.2.

 

  Санитариялық-
эпидемиологиялық
қорытындыларды беру бойынша
мемлекеттік қызметтерді
көрсету қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
____________________________
мемлекеттік органның атауы
____________________________
басшысының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)
____________________________
өтініш иесінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
____________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі/
бизнес сәйкестендіру нөмірі
____________________________
өтініш иесінің мекенжайы
____________________________
өтініш иесінің байланыс
телефоны

 

Өтініш

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2025 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

  Санитариялық-
эпидемиологиялық
қорытындыларды беру бойынша
мемлекеттік қызметтерді
көрсету қағидаларына
4-қосымша
  Нысан
Форма
А4 Форматы
Формат А4

 

Санитариялық-эпидемиологиялық тексеріп-қарау АКТІСІ АКТ Санитарно-эпидемиологического обследования №__________

      Мен (Біз) (Мною Нами) _____________________________________________________

      лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.), (должность фамилия, имя, отчество (далее – Ф.И.О)

      __________________________________________________________________________

      мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының атауы,

      наименование органа государственного санитарно-эпидемиологического надзора),

      мыналардың: (с участием)

      __________________________________________________________________________

      тексеруге қатысқан басқа мамандарды көрсетіңіз

      (указать других специалистов, участвовавших в обследовании)

      _________________________________________ қатысуымен мамандар болғанда:

      (в присутствии)

      лауазымды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлға (должность, Ф.И.О должностного лица или индивидуального предпринимателя ______________________________________________________

      басшысының лауазымы, Т.А.Ә. немесе жеке тұлғаның, лауазымы, Т.А.Ә./Ф.И.О. руководителя юридического лица или Ф.И.О. физического лица ______________________________________________

      __________________________________________________________________________

      нысанның, заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атауы (наименование объекта, юридического лица или индивидуального предпринимателя) ____________________________ тексеру жүргізілді (проведено обследование).

      __________________________________________________________тексеру түрін көрсету (указать вид обследования)

      (начато) 20___ жылғы (года) "__"_________ __ сағат (часов) __ минутта (минут) басталды.

      Тексеру кезінде мыналар анықталды (при обследовании установлено):______________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Қорытынды (Заключение): __________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтердің (указать пункты нарушения требований санитарных правил)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптары бұзылған тармақтарды көрсетіңіз/гигиенических нормативов и иных нормативных правовых актов) __________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Қолдары (подписи) ________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының лауазымды тұлғасы (должностное лицо государственного органа санитарно-эпидемиологического надзора _______________________________________________________________________________

      басқа да қатысқан мамандар, куәгерлер/ участвовавшие другие специалисты, свидетели)

      Тексеру кезінде болдым және актінің данасын алдым (при обследовании присутствовал, и экземпляр акта получил)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      заңды тұлға өкілінің немесе жеке кәсіпкердің немесе лауазымды тұлғаның лауазымы және Т.А.Ә. (должность и Ф.И.О. представителя юридического лица или должностного лица или индивидуального предпринимателя) _____________________________________________

      Қол қоюдан бас тарту туралы белгі (отметка об отказе от подписи лица) _____________

      (окончено) 20 __ жылғы (года) "___"_______ ___ сағат (часов) ___ минутта (минут) аяқталды.

      Акт (акт составлен в) _____ данада жасалды (экземплярах)

      "___" _______ 20___жыл (год)

 

  Санитариялық-
эпидемиологиялық
қорытындыларды беру бойынша
мемлекеттік қызметтерді
көрсету қағидаларына
5-қосымша

 

"Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметіне негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2025 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы:
"Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру".
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы:
- қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың шекті жол берілетін шығарындылары мен шекті жол берілетін төгінділерінің нормативтік құжаттамасының жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу;
- санитариялық қорғау аймағының, санитариялық-қорғаныш аймақтарының нормативтік құжаттамасының жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу;
- шикізат пен өнімге нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу;
- топыраққа, су айдындарына және атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық, токсикологиялық, радиологиялық жүктеме бойынша материалдарға нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу;
- санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу;
- санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының телнұсқасын беру.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Републикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті беру тәсілдері

"электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы: www. egov. kz (бұдан әрі-портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні.

4

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызмет берушінің және ақпарат объектісінің жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталда: тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) қоршаған ортаға шекті жол берілетін шығарындылардың, зиянды заттардың, физикалық факторлардың шекті жол берілетін төгінділерінің нормативтік құжаттамасының жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін:
- осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
- қоршаған ортаға зиянды заттардың, физикалық факторлардың шекті жол берілетін шығарындылары, шекті жол берілетін төгінділері бойынша нормативтік құжаттама жобасының электрондық көшірмесі;
2) санитариялық қорғау аймағының, санитариялық-қорғау аймақтарының нормативтік құжаттамасының жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін:
- осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
- санитариялық күзет аймағының, санитариялық-қорғау аймақтарының нормативтік құжаттамасы жобасының электрондық көшірмесі (есептік (алдын ала), белгілеу үшін);
- (белгіленген (түпкілікті) үшін) шынайы зерттеулер мен өлшемдердің жылдық циклінің хаттамасы;
3) шикізат пен өнімге нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін:
- осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
жаңа шикізат пен өнімге арналған нормативтік құжаттама жобасының электрондық көшірмесі;
4) топыраққа, су айдындарына және атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық, токсикологиялық, радиологиялық жүктеме бойынша материалдарға нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін:
- осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
- топыраққа, су айдындарына және атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық, токсикологиялық, радиологиялық жүктеме материалдары бойынша нормативтік құжаттама жобасының (есебінің) электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Републикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4-тармағына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары gov.еgov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі бар.
3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
4. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде нашар көретін адамдар үшін нұсқасына қолжетімді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары gov.еgov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

 

 

  Санитариялық-
эпидемиологиялық
қорытындыларды беру бойынша
мемлекеттік қызметтерді
көрсету қағидаларына
6-қосымша

 

      Нысан

 

  ____________________________
мемлекеттік органның атауы
____________________________
басшысының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)
____________________________
өтініш иесінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
____________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі/
бизнес сәйкестендіру нөмірі
____________________________
өтініш иесінің мекенжайы
____________________________
өтініш иесінің байланыс
телефоны

 

Өтініш

      Сізден ______________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (жобаның атауы)

      жобалық құжаттамаға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуді және

      санитариялық- эпидемиологиялық қорытынды беруді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      Қосымша (құжаттардың көшірмелері): 1.2. Қолы, күні, айы, жылы

 

  Санитариялық-
эпидемиологиялық
қорытындыларды беру бойынша
мемлекеттік қызметтерді
көрсету қағидаларына
7-қосымша

 

      Нысан

 

  ___________________________
басшысының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
____________________________
мемлекеттік органның атауы
_________________________
өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
____________________________
бизнес сәйкестендіру нөмірі
____________________________
өтініш иесінің мекенжайы
___________________________
өтініш иесінің байланыс телефоны

 

Өтініш

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2025 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Сізден ____________________________________ санитариялық-эпидемиологиялық

      қорытындының қолданылуын тоқтатуды сұраймын (қажетінің астын сызу керек)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны берген органның атауы, берілген нөмірі, күні)

      __________________________________________________________________________

      берілген объектінің атауы, орналасқан мекенжайы: аудан, көше, үй, пәтер, жобаның атауы (қажетінің астын сызу)

      __________________________________________________________________________

      Мынадай негізде (негіздерде)*:

      1) құжаттағы қателерді (қателерді) анықтау___________________;

      2) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 45-бабында көрсетілген жағдайларда заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру______________;

      3) объектінің орналасқан жерінің мекенжайын физикалық ауыстырмай өзгерту _________;

      4) көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атауын өзгерту __________;

      5) объектінің нысаналы мақсатын, жүзеге асырылатын қызмет түрін, технологиялық процессін, қуаттылығын өзгертпей және объектіге құрылымдық өзгерістер енгізілмеген, басқа тұлға қолданыстағы объектіге меншік құқығын алған жағдайда ________.

      Осы өтініш арқылы:

      1) барлық көрсетілген деректер ресми байланыс болып табылады және оларға рұқсат құжатын беру және бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін екендігі;

      2) қызметтің осы түрімен айналысуға өтініш беруге сот сұрау салмағанын;

      3) барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келетінін және дұрыс болып табылатынын;

      4) өтініш беруші рұқсат құжатын алу кезінде ақпараттық жүйелердегі "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабынының 4-тармағына сәйкес қорғалатын құпияларды құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беремін.

      Қолы, күні, айы, жылы

      Қосымша (құжаттардың көшірмелері)

      * Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеген жағдайда толтырылады.

 

  Санитариялық-
эпидемиологиялық
қорытындыларды беру бойынша
мемлекеттік қызметтерді
көрсету қағидаларына
8-қосымша

 

Cанитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулер (сынақтар)

      Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2025 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

Зерттеулер (сынақтар) түрлері

Өлшеулер немесе сынама алу орны

1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту объектілері:

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық

Барлық топтардың киініп-шешінетін орны, ойын бөлмесі, жатын бөлмелері, музыкалық (спорттық) кабинеттер, медициналық үй-жайлар, изолятор, бассейндер (бар болса)

Суды зерттеу:

 

1) орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде су құбыры жүйесінен алынатын су (бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулер)

су тарату крандары - ғимаратта, ас блогында (бөлек блокта орналасқан кезде)

2) орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде жергілікті сумен жабдықтау көздерінен алынатын ауыз су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық зерттеулер)

құдықтар, ұңғымалар, каптаждар, бұлақтар, су тарату крандары

3) бар болған жағдайда жабық жүзу бассейндерінен және ванналардан алынатын су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулер)

екі жерде – бассейн ваннасының тайыз және терең бөліктерінде су айдыны бетінен 25-30 сантиметр (бұдан әрі – см) тереңдікте, сүзгіден кейінгі су

4) әкелінетін сумен жабдықтау кезінде ауыз су

Суды сақтауға арналған ыдыстар

Электромагниттік өрістің, электростатикалық өрістің кернеулігі

компьютерлік және мультимедиялық сыныптар (кабинеттер) (бар болса)

Жасанды жарықтандыру деңгейі

Ойын үй-жайлары, оқу кабинеттері, музыка, спорт залы, медициналық үй-жайлар

2. Білім беру және тәрбиелеу объектілері, білім алушылар объектілерінің жатақханалары, арнайы, түзету кабинеттері (орталықтары), балалар мен жасөспірімдерге арналған оңалту орталықтары:

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық

Қабылдау бөлмелері, жатын бөлмелер, оқу үй-жайлары, шеберханалар, спорт және музыка залдары, медициналық кабинеттер, демалуға және ұйықтауға арналған үй-жайлар, компьютерлік сыныптар

Суды зерттеу:

 

1) орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде су құбырлары жүйесінен алынатын су (бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулер)

су тарату крандары – ғимаратта, ас блогында (бөлек блокта орналасқан кезде)

2) орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде жергілікті сумен жабдықтау көздерінен алынатын ауыз су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық зерттеулер)

құдықтар, ұңғымалар, каптаждар, бұлақтар, су тарату крандары

3) бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулерге су

жабық жүзу бассейндерінен және ванналардан (бар болса)

4) вода питьевая при привозном водоснабжении

Суды сақтауға арналған сыйымдылықтар

Физикалық факторларды зерттеу:

 

1) электромагниттік және электростатикалық өрістердің кернеуі, шу

компьютерлік және мультимедиялық сыныптар, кабинеттер (бар болса)

2) жасанды жарықтандыру деңгейі

оқу үй-жайлары, зертханалар, шеберханалар, өзін-өзі дайындау бөлмелері, оқу залы, медициналық кабинет

3. Балалардың сауықтыру, санаториялық, сауықтыру объектілері, демалыс базалары, орындары:

Бактериологиялық, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеулерге жергілікті сумен жабдықтау көздерінен (орталықтандырылған, құдықтар, ұңғымалар, каптаждар) алынатын ауыз су

ас блоктары

Бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық, вирусологиялық көрсеткіштерге зерттеулерге жергілікті сумен жабдықтау көздерінен (орталықтандырылған, құдықтар, ұңғымалар, каптаждар) алынатын ауыз су

Жабық, ашық жүзу бассейндері, ванналар, жағажайлар (бар болса)

Паразитологиялық, бактериологиялық көрсеткіштерге (жылдың жылы мезгілінде)

топырақ, құм (құм, жағажай бар болса)

Микроклиматты зерттеу: температура (жылыту кезеңінде), салыстырмалы ылғалдылық

Жатын бөлмелер, оқу үй-жайлары, кітапхана, мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен демалуға арналған үй-жайлар, компьютерлік сыныптар, қызметтік-тұрмыстық, кір жуатын бөлме, кір жуатын жер (кір жуу орны), асхана залы, буфет, физиотерапиялық кабинет, массаж кабинеті, медициналық үй-жай, спортзал, секциялық сабақтар өткізуге арналған бөлме, рекреация, вестибюль, киініп-шешінетін орын, ас үй, спорт залының киім ауыстыратын бөлмесі, үй-жайлар бассейн ваннасынан, себезгі (бар болса)

жасанды жарықтандыру деңгейі

Оқу, ойын бөлмелері мен үйірме бөлмелері, жатын бөлмелері, дене шынықтыру және бассейн залы, демалыс

Микробиологиялық, физика-химиялық, токсикологиялық, радиологиялық көрсеткіштер

Емдік балшық (бар болса)

4. Балалардың сүт асүйлері:

Суды бактериологиялық, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

су тарату крандары – ғимаратта (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде);
құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде)

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық

өндірістік үй-жайлар, қойма үй-жайлары

5. Қоғамдық тамақтану объектілері, борттық тамақтану объектілері, көліктегі (теміржол, әуе, су және автомобиль):

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы (жылдың салқын кезеңінде)

өндірістік үй-жайлар, қойма үй-жайлары

Суды бактериологиялық, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

су тарату крандары - ғимаратта (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде); құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде)

Тоңазытқыш және технологиялық жабдықтар жұмыс істеген кезде желдету жабдығынан болатын шу (тұрғын үйлердің кіріктіріліп-жапсарлас салынған үй-жайларында)

желдету қондырғылары, жабдықтары орналасқан жерлерде

Жарықтандыруды өлшеу

өндірістік үй-жайлар, қойма үй-жайлары, келушілерге арналған зал

6. Тамақ өнімдерін өндіру, өңдеу объектілері:

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы (жылдың суық кезеңінде)

өндірістік үй-жайлар, қойма үй-жайлары

Суды бактериологиялық, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

су тарату крандары – ғимаратта (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде); құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде)

(тұрғын ғимараттарда, кіріктірілген-жапсарлас үй-жайларда) тоңазытқыш және технологиялық жабдықтың жұмысы кезінде желдету жабдығынан шу

желдету қондырғыларын, жабдықтарды орналастыру орындары

7. Денсаулық сақтау объектілері:

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық

Ерекше режимдегі үй-жайлар: операциялық, емшара бөлмесі, манипуляциялық, стерилдеу бөлімшелері, жаңа туған нәрестелерге арналған палаталар, босандырудан кейінгі палаталар, бокстар, реанимация залдары, қарқынды терапия палаталары

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

су тарату крандары – ғимаратта (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде); құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде)

Жарықтандыруды өлшеу

Ерекше режимдегі үй-жайлар: операциялық, емшара, манипуляциялық, бейінді мамандардың қабылдау кабинеттері (офтальмолог, хирург, акушер-гинеколог, травматолог, стоматолог), жаңа туған нәрестелерге арналған палаталар, реанимация залдары, қарқынды терапия палаталар, қан дайындау үй-жайлары

Шу деңгейі

операциялық үй-жайлар

Электрлік және магниттік өрістерді өлшеу

физиотерапиялық, диагностикалық кабинеттердегі жұмыс орындарында

Дозиметриялық өлшеулер

иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде жұмыс орындары, аралас үй-жайлар мен аумақ

8. Дәрілік заттарды дайындау объектілері:

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа алмасу жиілігі

ассистенттік, дәріханалық ыдысты стерилдеу, дистилляциялау, өлшеп-орау орындары, асептикалық жағдайларда дәрілік нысандарды дайындау үй-жайлары, сақтау үй-жайлары

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

су тарату крандары – ғимаратта

Жарықтандыруды өлшеу

ассистенттік, дәріханалық ыдысты стерилдеу, дистилляциялау, өлшеп-орау орындары, асептикалық жағдайларда дәрілік нысандарды дайындау үй-жайлары, сақтау үй-жайлары, қызмет көрсету залы

9. Тері және шырышты қабаттары бұзылған қызметтер көрсететін емдеу-косметологиялық объектілер, сұлулық салондары, косметологиялық орталықтар, оның ішінде татуировка және татуировка бойынша қызметтер:

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулерге зерттеу

су тарату крандары (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде); құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде).

Жарықтандыруды өлшеу

жұмыс орындары

Электромагниттік өрістер деңгейі

солярий (бар болса)

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық

жұмыс орындары

10. Өндірістік объектілер:

Микроклимат параметрлерін зерттеу

жұмыс орындары

Физикалық факторлар және иондалмаған сәулелену параметрлерін зерттеу

физикалық факторлар көзі болған кезде жұмыс орындары

Дозиметриялық өлшеулер

иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеген кезде жұмыс орындары

Жұмыс аймағы ауасының параметрлерін зерттеу

жұмыс орындары (зиянды химиялық заттардың көздері болған кезде)

11. Радиотехникалық объектілер:

Электромагниттік өрістер деңгейі

өндірістік үй-жайлар, санитариялық- қорғаныш аймағының шекарасы, құрылысты шектеу аймағы

12. Радиациялық-қауіпті объектілер:

Физикалық факторлар және иондалмаған сәулелену параметрлерін зерттеу

физикалық факторлар көзі болған кезде жұмыс орындары

Дозиметриялық өлшеулер

жұмыс орындары, жапсарлас үй-жайлар, ұйымның аумағы

13. Жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар мен көлік құралдары (теміржол, су, әуе):

Микроклимат параметрлерін зерттеу (температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы)

жұмыс және жолаушылар орындары

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

конструкциясында сумен жабдықтау жүйесі көзделген көлік құралдары үшін

Физикалық факторлардың параметрлерін (шу, діріл) және иондаушы емес сәулеленуді зерттеу

жұмыс және жолаушылар орындары

Көлік құралдары үй-жайларының ауасындағы зиянды заттарды зерттеу, сондай-ақ шаңдылық

жұмыс және жолаушылар орындары

Жарықтандыруды өлшеу

жұмыс және жолаушылар орындары

14. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау объектілері:

Суды зерттеу: бактериологиялық, санитариялық-химиялық зерттеулер

су алу нүктелері

Жер үсті көздеріне арналған паразитологиялық көрсеткіштерге суды зерттеу

су алу нүктелері

Суды радиологиялық зерттеу

сумен жабдықтаудың жаңа көздері үшін

15. Су объектілері (мәдени-тұрмыстық мақсаттағы), демалыс орындары:

Суды зерттеу: бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулер

пайдалану орындары

Топырақты паразитологиялық зерттеулер

жағажайлар (бар болса)

16. Тамақ өнімдерін көтерме сақтау және (немесе) өткізу объектілері, химиялық заттар мен өнімдерді, агрохимикаттар мен пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға арналған қоймалар, вакциналар мен иммунологиялық (иммундық-биологиялық) дәрілік препараттарды сақтау және тасымалдау объектілері

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық

қойма үй-жайлары, жұмыс орындары

Жарықтандыруды өлшеу

жұмыс орындары

Тұрғын ғимараттарда және өзге мақсаттағы ғимараттарда орналасқан объектілер үшін шу мен дірілді өлшеу

жұмыс істеп тұрған жабдықтан, оның ішінде желдеткіш жабдықтан

Электромагниттік және сәулеленудің өзге де түрлерін зерттеу

физикалық факторлар көзі болған кезде жұмыс орындары

Зиянды заттардың құрамына жұмыс аймағының ауасын зерттеу (өнеркәсіптік үлгідегі тоңазытқыш жабдықтарын пайдаланатын объектілер үшін)

жұмыс орындары

17. Вахталық кенттер:

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық

тұрғын бөлмелер, демалуға арналған үй-жайлар

Жарықтандыруды өлшеу

тұрғын бөлмелер, демалуға арналған үй-жайлар

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

су тарату крандары (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде); құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде)

18. Патогендігі I-IV топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істейтін зертханалар:

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық

зерттеуге арналған үй-жайлар, жұмыс орындары

Жарықтандыруды өлшеу

жұмыс орындары

Шу мен дірілді өлшеу

жұмыс істеп тұрған жабдықтан, оның ішінде желдеткіш жабдықтан

19. Спорттық- сауықтыру мақсатындағы объектілер, бассейндер, моншалар, сауналар

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

су тарату крандары (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде); құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде)

Суды бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеу

жабық жүзу бассейндерінен және ванналардан (бар болса)

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы, 1 сағаттық ауа алмасу жиілігі

Вестибюль, киім ілетін орын, киініп-шешінетін бөлме, жуынатын бөлме, себезгі, булау бөлмесі, массаж бөлмесі, қызметкерлерге арналған тұрмыстық үй-жайлар

20. Дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау объектілері, сондай-ақ дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын пайдалана отырып, жемдерді, тұзақтарды, жұмыс ерітінділерін дайындау және (немесе) буып-түю жөніндегі жұмыс жүзеге асырылатын объектілер

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық

қойма үй-жайлары, жұмыс орындары

Жарықтандыруды өлшеу

жұмыс орындары

Тұрғын ғимараттарда және өзге мақсаттағы ғимараттарда орналасқан объектілер үшін шу мен дірілді өлшеу

жұмыс істеп тұрған жабдықтан, оның ішінде желдеткіш жабдықтан

Электромагниттік және сәулеленудің өзге де түрлерін зерттеу

физикалық факторлардың көзі болған жағдайда жұмыс орындары

Зиянды заттардың құрамына жұмыс аймағының ауасын зерттеу (өнеркәсіптік үлгідегі тоңазытқыш жабдықтарын пайдаланатын объектілер үшін)

жұмыс орындары

 

 

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына
2-қосымша

 

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру және олардың тізілімін жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.02.2023 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру және олардың тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 26-тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірлерді беру және олардың тізілімін жүргізу тәртібін (бұдан әрі – тізілім) айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аумақтық бөлімше – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері;

      2) есепке алу нөмірі – тамақ өнімін өндіру обектісінің қызмет түрін және нөмірін қамтитын код;

      3) өндіріс субъектісі – тамақ өнімін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

      3. Тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірі тамақ өнімін өндіру объектісі (бұдан әрі – өндіріс объектісі) қызметінің барлық кезеңіне беріледі.

      4. Есепке алу нөмірін беру осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өндіріс обектісінің қызмет түрін және нөмірін (бұдан әрі – нөмір) қамтитын кодқа сәйкес жүзеге асырылады.

      Қызмет түрін қамтитын код өндіріс объектісінің қызмет түрінің әріптік символынан тұрады.

      Нөмір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік кодынан, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және өндіріс объектісінің реттік нөмірінен тұрады.

      Өндіріс объектісінің реттік нөмірі аумақтық бөлімшеде есепке алу нөмірін беруге өтініштің тіркеу кезектілігіне сәйкес айқындалады.

      5. Есепке алу нөмірін аумақтық бөлімшелер береді.

      6. Есепке алу нөмірін беру өндіріс объектісі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес болған жағдайда жүзеге асырылады.

2-тарау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру және олардың тізілімін жүргізу тәртібі

      7. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) тиісті аумақтағы объектінің орналасқан жері бойынша "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2025 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру туралы растауды алу үшін жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 8-тармағына сәйкес құжаттарды портал арқылы жібереді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2025 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды объектілерге тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.

      13. Ұсынылған құжаттар сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген рәсімдер аяқталған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есептік нөмір беру туралы растауды ресімдейді және береді.

      Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 66-бабында көзделген тәсілдердің бірімен көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім туралы хабарлама жібереді. Хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызмет аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешіміне қарсылық білдіруге немесе ұсынуға құқылы.

      Тыңдау жүргізу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру туралы растауды ресімдейді не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жібереді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2025 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі істен шыққан кезде 1 (бір) жұмыс күні ішінде "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын хабардар етеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Ведомство мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және/немесе толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      15. Өндіріс объектісінің атауы және (немесе) тұрғылықты жері, өндіріс субъектісінің атауы және (немесе) тұрғылықты жері өзгерген жағдайда осы Қағидаларға сәйкес есепке алу нөмірін беру рәсімі қайта жүргізіледі.

      16. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Заңның 25-бабының 2) тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағым жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

3-тарау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру және оның тізілімін жүргізу тәртібі

      17. Тізілімді ведомство осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.

      18. Ведомство растаудың алынған көшірмесінің негізінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде өндіріс объектісін Ведомстваның gov.egov.kz. интернет-ресурсында орналастырылатын тізілімге енгізеді.

      19. Аумақтық бөлімше өндіріс субъектісі ұсынған өндіріс объектісінің атауы және (немесе) тұрғылықты жері, өндіріс субъектісінің атауы және (немесе) тұрғылықты жері өзгергені туралы не қызметтің тоқтатылғаны немесе таратылғаны туралы мәліметтердің (бұдан әрі – мәліметтер) негізінде жазбаша ақпаратты мәліметтерді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ведомствоға жібереді.

      20. Тізілімге өзгерістерді ведомство аумақтық бөлімшеден келіп түскен жазбаша ақпарат негізінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде енгізеді.

 

  Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
мемлекеттік бақылау мен
қадағалауға жататын тамақ
өнімін өндіру объектілеріне
есепке алу нөмірлерін беру және
олардың тізілімін жүргізу
қағидаларына
1-қосымша

 

Есепке алу нөмірін беру үшін өндіріс объектілерінің қызмет түрлерінің кодтары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2025 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

№

Қызмет түрі

Код

1

Балалар сүт асүйлері

A

2

Сүт өңдеу объектілері

В

3

Ұн тарту объектілері

C

4

Ет өңдеу объектілері

D

5

Жеміс өңдеу объектілері

E

6

Құс өңдеу объектілері

F

7

Балық өңдеу объектілері

G

8

Тамақ өнімдерін өндіретін, өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтандыру объектілері

H

9

Май өнімдерін өндіру объектілері

I

10

Кондитерлік өнімдерді өндіру объектілері

J

11

Макарон өнімдерін өндіру объектілері

K

12

Алкоголь өнімін өндіру объектілері

L

13

Алкогольсіз өнімді, ыдыстарға өлшеп-құйылған ауыз суды өндіру объектілері

M

14

Өсімдіктен алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу объектілері

N

15

Арнайы тамақ өнімдерін және тамақ өнімдерінің өзге де топтарын өндіру объектілері

O

16

Чипсілерді, кептірілген нанды, жүгері таяқшаларын, казинакилерді, шемішкелерді, құрғақ таңертеңгілік асты, слайстарды, қант мақталарын, поп-корн, қуырылған жаңғақтарды өндіру объектілері

P

17

Тамақ концентраттарын және тамақ қышқылдарын өндіру объектілері

Q

18

Тағамдық және йодталған тұздарды өндіру объектілері

R

19

Қант өндіру объектілері

S

20

Нан және нан-тоқаш өнімдерін пісіру объектілері

U

21

Крахмалды-сірнелі өнімдерді, крахмал өндіру объектілері

V

22

Басқалар

W

 

Өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік коды, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) литерлік коды

 

№

код

Атауы

1

01

Астана қаласы

2

0101

Алматы

3

0102

Байқоңыр

4

0103

Есіл

5

0104

Сарыарқа

6

0105

Нұра

7

0106

Сарайшык

8

02

Алматы қаласы

9

0201

Алатау

10

0202

Алмалы

11

0203

Әуезов

12

0204

Бостандық

13

0205

Жетісу

14

0206

Медеу

15

0207

Наурызбай

16

0208

Түрксіб

17

03

Акмола обласы

18

0301

Ақкөл

19

0302

Аршалы

20

0303

Астрахан

21

0304

Атбасар

22

0305

Бұланды

23

0306

Көкшетау қаласы

24

0307

Степногор қаласы

25

0308

Егіндікөл

26

0309

Біржан сал

27

0310

Ерейментау

28

0311

Есіл

29

0312

Жақсы

30

0313

Жарқайың

31

0314

Зеренді

32

0315

Қорғалжын

33

0316

Сандықтау

34

0317

Целиноград

35

0318

Шортанды

36

0319

Бурабай

37

0320

Қосшы қаласы

38

04

Ақтөбе облысы

39

0401

Әйтеке би

40

0402

Алға

41

0403

Байғанин

42

0404

Ырғыз

43

0405

Қарғалы

44

0406

Мәртөк

45

0407

Мұғалжар

46

0408

Темір

47

0409

Ойыл

48

0410

Қобда

49

0411

Хромтау

50

0412

Шалқар

51

0413

Ақтөбе қаласы Астана ауданы

52

0414

Ақтөбе қаласы Алматы ауданы

53

05

Алматы облысы

54

0501

Балқаш

55

0502

Еңбекші қазақ

56

0503

Жамбыл

57

0504

Іле

58

0505

Қарасай

59

0506

Райымбек

60

0507

Кеген

61

0508

Талғар

62

0509

Ұйғыр

63

0510

Қонаев қаласы

64

06

Атырау облысы

65

0601

Атырау қаласы

66

0602

Жылыой

67

0603

Индер

68

0604

Исатай

69

0605

Қызылқоға

70

0606

Құрманғазы

71

0607

Мақат

72

0608

Махамбет

73

07

Батыс Қазақстан облысы

74

0701

Ақжайық

75

0702

Бекейорда

76

0703

Бөрілі

77

0704

Жаңақала

78

0705

Жәнібек

79

0706

Бәйтерек

80

0707

Казталов

81

0708

Қаратөбе

82

0709

Сырым

83

0710

Тасқала

84

0711

Теректі

85

0712

Шыңғырлау

86

0713

Орал қаласы

87

08

Жамбыл облысы

88

0801

Байзақ

89

0802

Жамбыл

90

0803

Жуалы

91

0804

Қордай

92

0805

Мерке

93

0806

Мойынқұм

94

0807

Т. Рысқұлов ауданы

95

0808

Сарысу

96

0809

Талас

97

0810

Шу

98

0811

Тараз қаласы

99

09

Қарағанды облысы

100

0901

Абай

101

0902

Ақтоғай

102

0903

Бұхар-Жырау

103

0904

Қарқаралы

104

0905

Нұра

105

0906

Осакаров

106

0907

Шет

107

0908

Балқаш қаласы

108

0909

Приозерск қаласы

109

0910

Саран қаласы

110

0911

Теміртау қаласы

111

0912

Шахтинск қаласы

112

0913

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы

113

0914

Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы

114

10

Қостанай облысы

115

1001

Алтынсарин

116

1002

Аманкелді

117

1003

Әулиекөл

118

1004

Денисов

119

1005

Жангелдин

120

1006

Жітіқара

121

1007

Қамысты

122

1008

Қарабалық

123

1009

Қарасу

124

1010

Қостанай

125

1011

Меңдіқара

126

1012

Науырзым

127

1013

Сарыкөл

128

1014

Бейімбет Майлин

129

1015

Ұзынкөл

130

1016

Федоров

131

1017

Қостанай қаласы

132

1018

Арқалық қаласы

133

1019

Лисаковск қаласы

134

1020

Рудный қаласы

135

11

Қызылорда облысы

136

1101

Арал

137

1102

Қазалы

138

1103

Қармақшы

139

1104

Жалағаш

140

1105

Сырдария

141

1106

Шиелі

142

1107

Жаңақорған

143

1108

Қызылорда қаласы

144

12

Маңғыстау облысы

145

1201

Бейнеу

146

1202

Қарақия

147

1203

Маңғыстау

148

1204

Түпқараған

149

1205

Ақтау қаласы

150

1206

Жаңаөзен қаласы

151

1207

Мұнайлы

152

13

Түркістан облысы

153

1301

Сауран

154

1302

Бәйдібек

155

1303

Жетісай

156

1304

Келес

157

1305

Қазығұрт

158

1306

Мақтаарал

159

1307

Ордабасы

160

1308

Отырар

161

1309

Сайрам

162

1310

Сарыағаш

163

1311

Созақ

164

1312

Төлеби

165

1313

Түлкібас

166

1314

Шардара

167

1315

Арыс қаласы

168

1316

Түркістан қаласы

169

1317

Кентау қаласы

170

14

Павлодар облысы

171

1401

Павлодар қаласы

172

1402

Ақсу қаласы

173

1403

Екібастұз қаласы

174

1404

Ақтоғай

175

1405

Баянауыл

176

1406

Железин

177

1407

Ертіс

178

1408

Тереңкөл

179

1409

Аққулы

180

1410

Май

181

1411

Павлодар

182

1412

Успен

183

1413

Шарбақты

184

15

Солтүстік Қазақстан облысы

185

1501

Айыртау

186

1502

Ақжар

187

1503

Аққайың

188

1504

Есіл

189

1505

Жамбыл

190

1506

М. Жұмабаев

191

1507

Қызылжар

192

1508

Мамлют

193

1509

Ғ. Мүсірепов

194

1510

Тайынша

195

1511

Тимирязев

196

1512

Уәлиханов

197

1513

Шал ақын

198

1514

Петропавл қаласы

199

16

Шығыс Қазақстан облысы

200

1601

Өскемен қаласы

201

1602

Самар

202

1603

Шемонаиха

203

1604

Күршім

204

1605

Марқакөл

205

1606

Тарбағатай

206

1607

Ұлан

207

1608

Алтай

208

1609

Зайсан

209

16010

Катон-Қарағай

210

1611

Нарым

211

1612

Глубокое

212

1613

Риддер қаласы

213

17

Шымкент қаласы

214

1701

Абай

215

1702

Әл-Фараби

216

1703

Еңбекші

217

1704

Қаратау

218

1705

Тұран

219

18

Абай облысы

220

1801

Семей қаласы

221

1802

Курчатов қаласы

222

1803

Абай

223

1804

Аякөз

224

1805

Бесқарагай

225

1806

Бородулиха

226

1807

Жарма

227

1808

Көкпекті

228

1809

Үржар

229

1810

Мақаншы

230

1811

Ақсуат

231

1812

Жаңа Семей

232

19

Жетісу облысы

233

1901

Аксу

234

1902

Алакөл

235

1903

Ескелді

236

1904

Қаратал

237

1905

Кербұлақ

238

1906

Көксу

239

1907

Панфилов

240

1908

Сарқан

241

1909

Талдықорган қаласы

242

1910

Текелі қаласы

243

20

Ұлытау облысы

244

2001

Жаңаарқа

245

2002

Ұлытау

246

2003

Жезқазган қаласы

247

2004

Қаражал қаласы

248

2005

Сәтпаев қаласы

 

      Ескертпе:

      Есепке алу нөмірі символдардан тұрады және мынадай құрылымы болады:

      бірінші символ – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) литерлік коды;

      екінші символ – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі;

      үшінші символ– өндіріс объектісінің қызмет түрінің коды;

      төртінші символ – өндіріс объектісінің реттік нөмірі.

      Мысалы: 01.0104.O.210

      01 – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) литерлік коды;

      0104 – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі;

      O – өндіріс объектісінің қызмет түрі;

      210 – өндіріс объектісінің реттік нөмірі.

 

  Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
мемлекеттік бақылау мен
қадағалауға жататын тамақ
өнімін өндіру объектілеріне
есепке алу нөмірлерін беру және
олардың тізілімін жүргізу
қағидаларына
2-қосымша

 

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2025 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімінің өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Републикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті беру тәсілдері

"электрондық үкімет" веб-порталы: www. egov. kz (бұдан әрі – портал) арқылы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні

4

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімінің өндірісі объектісіне есепке алу нөмірін беру туралы растау не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталда: (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда) тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

- осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ расталған электрондық құжат түріндегі өтініш;
- өндірілетін тамақ өнімі тізбесінің электрондық көшірмесі;
- эпидемиялық маңызы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының және (немесе) эпидемиялық мәні елеусіз объектінің қызметі (пайдалану) басталғаны туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама).
Санитариялық-эпидемиологиялық қортындылар туралы және хабарламалар туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы сәйкес келетін мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Қазақстан Републикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабынының 4-тармағына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін, оның ішінде электрондық нысанда ескере отырып, өзге де талаптар

1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары gov.еgov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі болады.
3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
4. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде нашар көретін адамдарға арналған нұсқаға қолжетімді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: gov.еgov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

 

 

  Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
мемлекеттік бақылау мен
қадағалауға жататын тамақ
өнімін өндіру объектілеріне
есепке алу нөмірлерін беру және
олардың тізілімін жүргізу
қағидаларына
3-қосымша

 

      Нысан

 

  ____________________________
мемлекеттік органның атауы
____________________________
басшысының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
____________________________
өтініш иесінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
____________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі/
бизнес сәйкестендіру нөмірі
____________________________
өтініш иесінің мекенжайы
____________________________
өтініш иесінің байланыс
телефоны

 

Өтініш

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.03.2025 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Сізден ____________________________________________________________________

      (аудан, көше, үй, пәтер)

      __________________________________________________________________________

      бойынша орналасқан _______________________________________________________

      (объектінің атауы)

      __________________________________________________________________________халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беруді сұраймын.

      Қызмет түрі ________________________________________

      Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының/хабарламаның нөмірі ___________

      Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды/хабарлама берілген күн _____________

      Қосымша: _________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелердегі "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабынының 4-тармағына сәйкес қорғалатын құпияларды құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беремін

      Қолы, күні, айы, жылы

 

  Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
мемлекеттік бақылау мен
қадағалауға жататын тамақ
өнімін өндіру объектілеріне
есепке алу нөмірлерін беру және
олардың тізілімін жүргізу
қағидаларына
4-қосымша

 

      Нысан/Форма

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есептік нөмір беру туралы растау/Подтверждение о присвоении учетного номера объекту производства пищевой продукции, подлежащего государственному контролю и надзору в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения

      Осы растау/Настоящее подтверждение выдано _________________________________

      __________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса), заңды

      __________________________________________________________________________

      тұлғаның аты / фамилия, имя, отчество (при наличии)

      физического __________________________________________________________ лица,

      наименование юридического лица

      __________________________________________________________________________

      бойынша қызметті жүзеге асырушы/осуществляющему деятельность по

      __________________________________________________________________________

      (қызмет түpiн көрсету/указать вид деятельности)

      __________________________________________________________________________

      тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне (атауын көрсету)/объект производства

      (изготовления) пищевой продукции (указать наименование)

      __________________________________________________________________________

      мекенжайы бойынша орналасқан (мекенжайын көрсету)/

      расположенного _________________________________________________ по адресу

      (указать адрес)

      20____ жылғы "___" ________ № ____ есептік нөмір берілгендігі жөнінде берілді/

      в том, что присвоен учетный номер ____ от "__" _____ 20__ года.

      Басшы/Руководитель ______________________________ ________________________

      (тегі аты, әкесінің аты (болған кезде)/фамилия, (қолы /подпись) имя, отчество (при наличии))

      Мөрдің орны/Место печати "___" _______ 20____ ж./г.

 

  Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
мемлекеттік бақылау мен
қадағалауға жататын тамақ
өнімін өндіру объектілеріне
есепке алу нөмірлерін беру
қағидаларына
5-қосымша

 

Өндіріс өбъектілерінің есепке алу нөмірлерінің тізілімі

 

Жүктеу

Р/с №

Өндіріс объектісінің атауы

Жеке тұлғаның/ заңды тұлғаның атауы

Өндіріс объектісінің орналасқан орны

Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісінің есепке алу нөмірі

Берілген күні

Өзге мәліметтер*

1

2

3

4

5

6

7

             
             

 

      Ескертпе: * өндіріс объектісі атауының және (немесе) орналасқан орнының, өндіріс субъектісінің атауы және (немесе орналасқан орны туралы, өндіріс субъектісінің қызметі тоқтатылғаны немесе таратылғаны туралы мәліметтер көрсетіледі.

 

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына
3-қосымша

 

Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.02.2023 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 22-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру және оның қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, қолданылуын тоқтату тәртібін айқындайды.

      2. Өнімді мемлекеттік тіркеуді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомства) жүзеге асырады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) зерттеу (сынақ) хаттамасы – бақылаудағы тауарды зерттеу (сынау), қолданылатын әдістемелер, құралдар және зерттеу (сынау) жағдайлары, олардың нәтижелері туралы қажетті мәліметтерді қамтитын, белгіленген тәртіппен рәсімделген құжат;

      2) өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі – өнімнің (тауарлардың) ЕАЭО ТР немесе БСЭГТ-ге сәйкестігін куәландыратын және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бірыңғай нысан бойынша беретін өнімнің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайтын құжат;

      3) мемлекеттік тіркеу – өнімнің Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға (бұдан әрі – БСЭГТ) немесе Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің (бұдан әрі – ЕАЭО ТР) талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімі.

      4. Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті бере отырып, мемлекеттік тіркеу Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) аумағында оны өндіріске қою кезеңінде, ЕАЭО аумағына алғаш рет әкелінетін өнім үшін оны ЕАЭО аумағына әкелгенге дейін жүзеге асырылады.

      5. Өнімді мемлекеттік тіркеуге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен ЕАЭО шешімдерімен айқындалатын өнім жатады.

2-тарау. Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру, қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату тәртібі

      6. "Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші):

      1) "электрондық үкімет": www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік емес акционерлік қоғамы арқылы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) көрсетеді.

      Өнімнің мемлекеттік тіркеу куәлігін ауыстыру (қайта рәсімдеу) немесе қолданылуын тоқтату Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.

      7. Қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті беру ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) келтірілген.

      Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті көрсетілетін қызметті беруші арқылы алу үшін ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағында оның заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға немесе дайындаушы немесе сатушы (импорттаушы) не уәкілетті дайындаушы адам болып табылатын дара кәсіпкер ретіндегі жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Мемлекеттік корпорация арқылы немесе портал арқылы Тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттарды жібереді.

      Өнімнің БСЭГТ сәйкестігін зерттеу (сынау) және өлшеу хаттамасының қолданылу мерзімі 1 жылды құрайды.

      8. Зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулерді қосымша немесе қайта жүргізбей өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін (оған қосымшаны) ауыстыру (қайта ресімдеу) мынадай:

      1) өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінде (оған қосымшада) қателер (қате жазуларды) анықталған;

      2) өтініш иесінің ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) өзгертілген;

      3) дайындаушының ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) өзгертілген;

      4) өнімге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актіні қабылдаған, мұндай актіні қабылдау гигиеналық қауіпсіздік көрсеткіштеріне, өнім құрамына, оның қолданылу саласына өзгерістер енгізуге әкеп соқтырмайтын;

      5) өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштеріне қатысы жоқ өнімнің қосымша нысандары мен көлемін, тұтыну қаптамасы түрлерін, тауар белгілерін көрсететін мәліметтермен, сондай-ақ халықтың жекелеген топтарының өнімнің белгілі бір түрлерін қолдануына көрсетілімдер (қарсы көрсетілімдер) туралы мәліметтермен және гигиеналық маңызы жоқ мәліметтермен толықтыру қажеттілігі болған жағдайларда жүзеге асырылады.

      Өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін (оған қосымшаны) ауыстырған (қайта ресімдеген) кезде көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және бұрын берілген өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (түпнұсқа) жібереді.

      9. Өнімді дайындаушының не өтініш иесінің ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды мекенжайы өзгерген кезде тиісті өзгерістер туралы растайтын құжат қосымша ұсынылады.

      10. Дайындаушының (өндірушінің) шет тілдеріндегі құжаттарының аудармалары "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес расталған мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен ұсынылады, бұл ретте қаптаманың (тығындау құралдарының) таңбалау туралы ақпараты мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде жазылуы тиіс.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі не көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тартылғаны туралы қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін) туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші осындай мәліметтер болған жағдайда "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Қалыптастырылған өтініш құжаттар топтамасымен бірге көрсетілетін қызметті берушіге курьерлік және (немесе) пошта байланысы және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні кеңсе арқылы оларды қабылдауды, тіркеуді және орындау үшін жауапты орындаушыға беруді жүзеге асырады.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      14. Өтініш иесі құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 6 (алты) жұмыс күні ішінде объектіге бармай Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсынған кезде өнімнің (тауарлардың) ЕАЭО ТР және (немесе) БСЭГТ, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізеді.

      16. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері Тізбенің 8-тармағында көрсетілген, өнімнің (тауарлардың) ЕАЭО ТР және (немесе) БСЭГТ, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізгеннен кейін оң қорытынды болған кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде рәсімдейді және береді.

      17. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны осындай алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға ол бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі туралы алдын ала хабардар етеді. Хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы көрсетілетін қызмет аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде негіздеме беруге және алдын ала шешімге қарсылық білдіруге мүмкіндігі болады.

      Тыңдауды өткізу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін ресімдейді және береді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.

      18. Өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін беруден дәлелді бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) өнімдердің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, ЕАЭО ТР және (немесе) БСЭГТ талаптарына сәйкес келмеуі;

      2) егер осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылса, толық көлемде емес және дәйексіз ақпаратты қамтитын құжаттар топтамасы ұсынылса;

      3) өнімнің белгілі бір түрінің техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарына сәйкестігін белгілейтін техникалық регламентте (техникалық регламенттерде) норманың болмауы мемлекеттік тіркеу нысанында расталуы мүмкін;

      4) мүше мемлекеттің халықаралық конвенциялар мен шарттарға қосылуы шеңберінде өнімнің адам денсаулығына және оның өмір сүру ортасына өнімді дайындау, айналымы және пайдалану (пайдалану) кезінде зиянды әсер ету жағдайлары туралы жіберілетін негізделген ақпараттың уәкілетті органға түсуі;

      5) Еуразиялық экономикалық одақтың құқығында немесе мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін ресімдеу және беру үшін негіздердің болмауы;

      6) өнімге және оны дайындау мен айналым шарттарына қатысты қауіпсіздік талаптарын белгілеудің мүмкін еместігі, сондай-ақ өнімде және осындай өнімнің қауіпті факторларын адамның өмір сүру ортасында айқындау және өлшеу әдістемелерінің болмауы;

      7) өнімді дайындау, оның айналымы және пайдалану (пайдалану) кезінде өнімнің адам денсаулығына және оның өмір сүру ортасына зиянды әсер ету жағдайлары туралы негізделген ақпараттың болуы.

      19. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.

      20. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын хабардар етеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және/немесе толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      21. Өнімнің техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарына сәйкестігін растайтын өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін ресімдеу кезінде (егер Техникалық регламентте өзгеше көзделмесе) мұндай куәлік ол берілген күннен бастап 5 (бес) жыл бойы қолданылады.

      22. Өнімнің техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растайтын өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің күші зерттеулерден (сынақтардан) және өлшеулерден өткен өнімнің іріктелген сынамаларын (үлгілерін) дайындаған күннен бастап дайындалған өнімге қолданылады.

      23. Өнімнің техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растайтын куәліктің қолданылу мерзімі ішінде ЕАЭО кедендік аумағында айналымға шығарылған өнімге қатысты (егер Техникалық регламентте өзгеше көзделмесе) мұндай өнімді дайындаушы көздеген оның жарамдылық (сақтау) мерзімдерінің соңына дейін сатуға жол беріледі.

      БСЭГТ-на өнімінің сәйкестігін растайтын өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін ресімдеу кезінде куәлік ол берілген күннен бастап өнімді дайындаудың немесе өнімді ЕАЭО кедендік аумағына әкелудің бүкіл кезеңі ішінде және ЕАЭО кедендік аумағында айналыстағы өнімді толық өткізгенге дейін (дайындаушы көздеген оның жарамдылық (сақтау) мерзімдерін ескере отырып) қолданылады.

      24. Өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін және оған қосымша (қосымшалар) қолдан жасаудан қорғауды қамтамасыз ететін қатаң есептілік бланкілеріне жатады.

      Өнімнің техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растайтын өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін ресімдеу кезінде ЕАЭО нарығында өнім айналысының бірыңғай белгісі көрсетіледі, ал өнімнің сәйкестігін растайтын өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін ресімдеген жағдайда БСЭГТ көрсетілмейді.

      25. Өтініш берушіден өнімді әкелуді және (немесе) дайындауды тоқтату туралы ақпарат алған кезде мемлекеттік органның ведомствосы өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдайды.

      26. Мемлекеттік органның ведомствосы 15 (он бес) жұмыс күні ішінде өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдайды, кейіннен өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің күшін жояды және өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінен өнім туралы мәліметтерді алып тастайды.

      Өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы шешімді қабылдау үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін және бұрын берілген өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін (түпнұсқа) жібереді.

      27. Өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешімді уәкілетті орган мынадай жағдайларда қабылдайды:

      өнімнің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      өтініш иесінен өнімді әкелуді және (немесе) дайындауды тоқтату туралы ақпарат алу;

      деректерді мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш иесі ұсынған деректердің дұрыс еместігін растайтын ақпарат алу.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      28. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің тікелей мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданатын көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      Шешімі әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

 

  Еуразиялық экономикалық
одақтың нормативтік құқықтық
актілерінде айқындалатын
өнімді мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
1-қосымша

 

"Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

 

Жүктеу

Көрсетілетін қызметтің атауы:
"Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру".
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрі:
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында дайындалатын өнім үшін өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алу
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс дайындалатын өнім үшін өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алу

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Републикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру тәсілдері

барлық кіші түрлер бойынша:
1) "электрондық үкімет" веб-порталы: www. egov. kz (бұдан әрі – портал);
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Барлық кіші түрлер бойынша:
портал арқылы 13 (он үш) жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорация арқылы 15 (он бес) жұмыс күні.

4

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны

Барлық кіші түрлер бойынша:
электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және қағаз түрінде. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға қағаз тасығышта жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылады. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі туралы хабарлама "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Републикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталда: (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда) тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады;
3) Мемлекеттік корпорацияда: өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Барлық кіші түрлер бойынша куәлікті беру үшін:
Мемлекеттік корпорация арқылы: осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш, Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік аумағында дайындалатын өнім үшін:
- дайындаушы (өндіруші) куәландырған, өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың көшірмелері:
- стандарт немесе ұйымның стандарты не техникалық шарт;
- технологиялық нұсқаулық;
- рецептура;
- дайындаушының (өндіруші) дайындаған өнімінің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасы. Хабарлама ретінде: сапа сертификатының, қауіпсіздік (сапа) паспортының, дайындаушы (өндіруші) куәландырған сапа туралы куәліктің көшірмелері немесе дайындаушының хаты (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;
- өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжаты (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) (санамаланған құжаттардың бірі) не өтініш иесі куәландырған оның көшірмесі;
- өтініш иесі растаған өнім заттаңбаларының (қаптамаларының) көшірмелері немесе олардың макеттері;
- ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген үлгілерді (сынамаларды) алу актісінің түпнұсқасы;
- ЕАЭО-ның сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың бірыңғай тізіліміне енгізілген аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының түпнұсқасы;
- осы салада практикалық қызметті жүзеге асыратын бейінді ғылыми-зерттеу институты немесе бейінді ғылыми орталық берген ғылыми есептің түпнұсқасы;
- осы салада практикалық қызметті жүзеге асыратын бейінді ғылыми-зерттеу институты немесе бейінді ғылыми орталық берген сараптамалық қорытындының түпнұсқасы;
- жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттар (сәйкестендіру үшін);
- дайындаушы парфюмерлік-косметикалық өнім құрамында наноматериалдарды пайдаланған жағдайда оның химиялық атауы, бөлшектер өлшемдері, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттерін қоса алғанда, наноматериал туралы мәліметтерді ұсыну қажет;
ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс дайындалатын өнім үшін:
- дайындаушы (өндіруші) растаған, өнім дайындауға негіз болатын құжаттар көшірмелері:
- халықаралық стандарт немесе шет мемлекеттің стандарты немесе техникалық шарттар;
- ерекшеліктер;
- технологиялық нұсқаулықтар;
- рецептуралар немесе құрамы туралы мәліметтер;
- өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжаты (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) не өтініш иесі растаған оның көшірмесі;
- дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасы. Хабарлама ретінде: өнім дайындаушы растаған сапа сертификатының, қауіпсіздік (сапа) паспортының, сапа туралы куәліктің, еркін сату сертификатының көшірмелері, өнім дайындаушысының хатының көшірмесі (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;
- өтініш иесі растаған өнім заттаңбаларының (қаптамаларының) көшірмелері және олардың макеттері;
- дайындаушы мемлекеттің аумағында өнімнің қауіпсіздігін растайтын және оның еркін айналысына рұқсат беретін дезинфекциялау (дезинсекциялау, дератизациялау) құралы дайындалған мемлекеттің құзыретті денсаулық сақтау органы (басқа орган) берген, өнімді дайындаушы растаған құжаттың көшірмесі немесе осындай құжатты ресімдеу қажеттілігінің жоқтығын растайтын өнімді дайындаушының құжаттары (дезинфекциялау құралдары мемлекеттік тіркелген жағдайда);
- ЕАЭО-ның сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың бірыңғай тізіліміне енгізілген аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының түпнұсқасы;
- осы салада практикалық қызметті жүзеге асыратын бейінді ғылыми-зерттеу институты немесе бейінді ғылыми орталық берген ғылыми есептің түпнұсқасы;
- осы салада практикалық қызметті жүзеге асыратын бейінді ғылыми-зерттеу институты немесе бейінді ғылыми орталық берген сараптамалық қорытындының түпнұсқасы;
- ЕАЭО-ның кедендік аумағына өнім сынамаларын (үлгілерін) әкелуді растайтын құжаттардың көшірмелері;
- жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттар (сәйкестендіру үшін);
- дайындаушы парфюмерлік-косметикалық өнім құрамында наноматериалдарды пайдаланған жағдайда оның химиялық атауы, бөлшектер өлшемдері, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттерін қоса алғанда, наноматериал туралы мәліметтерді ұсыну қажет.
Портал арқылы алу үшін: осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш, ЕАЭО-ның кедендік аумағында дайындалатын өнім үшін:
- дайындаушы (өндіруші) растаған өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың электрондық көшірмелері:
- стандарт не ұйым стандарты не техникалық шарт;
- технологиялық нұсқаулық;
- рецептуралар;
- дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасының электрондық көшірмесі. Хабарлама ретінде: дайындаушы (өндіруші) растаған сапа сертификатының, қауіпсіздік (сапа) паспортының, сапа туралы куәліктің электрондық көшірмелері немесе дайындаушының хаты (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;
- өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжатының (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) электрондық көшірмесі (санамаланған құжаттардың бірі) не өтініш иесі растаған оның көшірмесі;
- өтініш иесі растаған өнім заттаңбаларының (қаптамаларының) электрондық көшірмесі және олардың макеттері;
- ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген үлгілерді (сынамаларды) алу актісінің электрондық көшірмесі;
- ЕАЭО-ның сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың бірыңғай тізіліміне енгізілген аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының электрондық көшірмелері;
- осы салада практикалық қызметті жүзеге асыратын бейінді ғылыми-зерттеу институты немесе бейінді ғылыми орталық берген ғылыми есептің электрондық көшірмесі;
- осы салада практикалық қызметті жүзеге асыратын бейінді ғылыми-зерттеу институты немесе бейінді ғылыми орталық берген сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесі;
- дайындаушы парфюмерлік-косметикалық өнім құрамында наноматериалдарды пайдаланған жағдайда оның химиялық атауы, бөлшектер өлшемдері, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттерін қоса алғанда, наноматериал туралы мәліметтердің электрондық көшірмесін ұсыну қажет;
ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс дайындалатын өнім үшін:
- дайындаушы (өндіруші) растаған өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың электрондық көшірмелері:
- халықаралық стандарт немесе шет мемлекеттің стандарты немесе техникалық шарттар;
- ерекшеліктер;
- технологиялық нұсқаулықтар;
- рецептуралар немесе құрамы туралы мәліметтер;
- өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушы (өндірушінің) құжатының (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) электрондық көшірмесі (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) не өтініш иесі растаған оның көшірмесі;
- дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасының электрондық көшірмесі. Хабарлама ретінде: өнім дайындаушы растаған сапа сертификатының, қауіпсіздік (сапа) паспортының, сапа туралы куәліктің, еркін сату сертификатының көшірмелері, өнім дайындаушысы хатының көшірмесі (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;
- өтініш иесі растаған өнім заттаңбаларының (қаптамаларының) электрондық көшірмелері және олардың макеттері;
- дайындаушы мемлекеттің аумағында өнімнің қауіпсіздігін растайтын және оның еркін айналысына рұқсат беретін дезинфекциялау (дезинсекциялау, дератизациялау) құралы дайындалған мемлекеттің құзыретті денсаулық сақтау органы (басқа орган) берген, өнімді дайындаушы растаған құжаттың электрондық көшірмесі немесе (дезинфекциялау құралдары мемлекеттік тіркелген жағдайда) осындай құжатты ресімдеу қажеттілігінің жоқтығын растайтын өнімді дайындаушының құжаттары;
- ЕАЭО-ның сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың бірыңғай тізіліміне енгізілген аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының электрондық көшірмесі;
- осы салада практикалық қызметті жүзеге асыратын бейінді ғылыми-зерттеу институты немесе бейінді ғылыми орталық берген ғылыми есептің электрондық көшірмесі;
- сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесі;
- ЕАЭО-ның кедендік аумағына өнім сынамаларын (үлгілерін) әкелуді растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
- дайындаушы парфюмерлік-косметикалық өнім құрамында наноматериалдарды пайдаланған жағдайда оның химиялық атауы, бөлшектер өлшемдері, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттерін қоса алғанда, наноматериал туралы мәліметтердің электрондық көшірмесін ұсыну қажет.

9

Қазақстан Републикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

- тауарлар Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға немесе Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмеуі;
- егер осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылған болса, құжаттар пакеті толық көлемде ұсынылмаса және дұрыс емес ақпарат қамтылса;
- өнімнің белгілі бір түрінің техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарына сәйкестігі мемлекеттік тіркеу нысанында расталуы мүмкін екенін белгілейтін техникалық регламентте (техникалық регламенттерде) норманың болмауы;
- уәкілетті органға мүше мемлекеттің халықаралық конвенциялар мен шарттарға қосылуы шеңберінде өнімді дайындау, айналымы және қолдану (пайдалану) кезінде өнімнің адам денсаулығына және оның тіршілік ету ортасына зиянды әсер ету жағдайлары туралы жіберілетін негізделген ақпараттың түсуі;
- Еуразиядық экономикалық одақтың құқығында немесе мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген куәлікті ресімдеу және беру үшін негіздердің болмауы;
- өнімге және оны дайындау және айналымы жағдайларына қатысты қауіпсіздік талаптарын белгілеудің мүмкін еместігі, сондай-ақ өнімде және адамның тіршілік ету ортасында осындай өнімнің қауіпті факторларын айқындау және өлшеу әдістемелерінің болмауы;
- өнімді дайындау, оның айналымы және қолдану (пайдалану) кезінде өнімнің адам денсаулығына және оның тіршілік ету ортасына зиянды әсер ету жағдайлары туралы негізделген ақпараттың болуы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары gov.еgov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар.
3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
4. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде нашар көретін адамдарға арналған нұсқаға қолжетімді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: gov.еgov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

 

 

  Еуразиялық экономикалық
одақтың нормативтік құқықтық
актілерінде айқындалатын
өнімді мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
2-қосымша
  форма

 

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ

      __________________________________________

      (мемлекеттің уәкілетті органы – Еуразиялық экономикалық одақ мүшесі)

 

 

      Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы КУӘЛІК ______ж. "___" ___________ № ________

      Өнім _____________________________________________________

      Дайындаушы __________________________________________________

      Өтініш иесі _________________________________________________

      Сәйкес келеді _________________________________________________

      Куәлік мыналар негізінде берілді _________________________________

      Жарамдылық мерзімі ___________________________________________

      ____________________________ М. О. _________ ___________________

      (басшының лауазымы       (қолы)             (Т.А.Ә.)

      (уәкілетті тұлғаның)

      Еуразиялық экономикалық

      одаққа мүше мемлекеттің

      уәкілетті органының)

      № ______

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ

      _______________________________________________________________

      (мемлекеттің уәкілетті органы – Еуразиялық экономикалық одақ мүшесі)

      Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке ҚОСЫМША

      ______ж. "___" _________________ № _______________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ____________________________ М. О. _________ ___________________

      (басшының лауазымы             (қолы)       (Т.А.Ә.)

      (уәкілетті тұлғаның)

      Еуразиялық экономикалық

      одаққа мүше мемлекеттің

      уәкілетті органының)

      ___беттен ______ бет             № __________

 

  Санитариялық-
эпидемиологиялық
қорытындыларды беру бойынша
мемлекеттік қызметтерді
көрсету қағидаларына
3-қосымша

 

      Нысан

 

  ____________________________
басшының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)
___________________________
мемлекеттік органның атауы
_________________________
___________________________
өтініш иесінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
___________________________
___________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі/
бизнес сәйкестендіру нөмірі
___________________________
өтініш иесінің мекенжайы
____________________________
___________________________
өтініш иесінің байланыс
телефоны

 

Өтініш

      Сізден ___________________________________________________________________

                        (өнімнің атауы)

      __________________________________________________________________________

      мемлекеттік тіркеуді (алмастыруды, қайта ресімдеуді) тоқтатуды) қажетінің астын сызу қажет)

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      жүргізуді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      Қосымша (құжаттардың көшірмелері): 1.2.

      Қолы,күні, айы, жылы

 

  Еуразиялық экономикалық
одақтың нормативтік құқықтық
актілерінде айқындалатын
өнімді мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
4-қосымша

 

      Нысан

 

  ____________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар
болса) (бұдан әрі – Т. А.Ә.)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

 

Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің "Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттардың толық емес пакетін ұсынғаныңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1._____________________________________________________________________

      2._____________________________________________________________________

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      ____________________________________________ _____________

      Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)

      Алды: __________________________________ ______________

      Көрсетілетін қызметті алушының ТАӘ (қолы)

      Күні: "___" _____________ 20__ жыл

 

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына
4-қосымша

 

Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату қағидалары

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.11.2022 № ҚР ДСМ-126

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22004 болып тіркелді.
Дата публикации
18 марта 2025