Басқарма мамандарына семинар өткізілді.

Батыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның аумақтық басқармаларының қызметкерлеріне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сонымен қатар «Қызмет бабында пайдалану үшін» құжаттармен жұмыс жасау мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Семинар барысында «Ақпараттандыру туралы», «Дербес деректер және оларды қорғау туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңдардың, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы», «Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қаулылардың нормалары түсіндірілді.

Сонымен бірге, департамент және аумақтық басқармалар қызметкерлерінің жұмыс және жұмыстан тыс уақытта да этикалық нормаларды сақтауы және әлеуметтік желілердегі парақшаларындағы жарияланымдарды орналастыру мәселелері талқыланды.

Семинар-кеңеске қатысушыларға ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау және мәліметтерді таратылуы шектелген ақпараттармен жұмыс істеу тәртібін сақтау бойынша тапсырмалар берілді.

Дата публикации
08 апреля 2025