Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг

Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  аумақтық басқармаларының  мамандары санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 2024 жылдың 12 айы бойынша  атмосфералық ауаның сапасына   42508   сынамасы зерттелді, оның ішінде 63 сынамасында ауытқулар анықталды ( 21 сынама шаң, 21 күйе, 15 көміртегі оксиді,  6 күкіртті сутек).

Су объектілерінің жағдайына 12 айда жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг

1 санаттағы 13 ашық су қоймаға санитариялық-гигиеналық қадағалау жүргізді. Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша 1 санаттағы ашық су қоймаларынан 292 су сынамасы зерттелді, оның 6 сынамасы немесе 2 % санитариялық талаптарға сәйкес келмеді, санитарлық- химиялық көрсеткіштерге 239 су сынамасы зерттелді, оның 5 сынамасы немесе 2 %  санитариялық талаптарға сәйкес келмеді.

Облыс бойынша 2-ші санаттағы 68 ашық су объектілері бар.

2 санаттағы ашық су қоймаларынан 307 су сынамалары микробиологиялық көрсеткіштерге зерттелді, оның 18 сынамасы санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейді. Санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша 233 су сынамалары зерттелді, оның 24 сынамалары санитариялық талаптарға сәйкес келмеді.

 Облыс бойынша ауыз-судың сапасына 2024 жылдың 12  айында:

- орталықтандырылған ауыз суынан  микробиологиялық көрсеткіштерге 4337 сынамасы зерттелді,онын ішінде 135 сынама (3,1%) нормативтерге сәйкес келген жоқ, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 4137 сынама зерттелді 257 сынамада (6,2%) сәйкессіздіктер анықталды.

- орталықтандырылмаған ауыз суынан санитариялық- микробиологиялық көрсеткіштерге 425 сынамасы зерттелді,онын ішінде 41 сынама (9,6%) нормативтерге сәйкес келген жоқ, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 360 сынама зерттелді, 45 сынамада (12,5%) сәйкессіздіктер анықталды.

Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг
Дата публикации
08 января 2025