Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (бұдан әрі- Департамент) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына» сәйкес Сізге 2024 жылғы 3 тоқсандағы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау туралы ақпарат ұсынады.
Департамент ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық – эпидемиологиялық бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.
Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, ҚР өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 594 бұйрығымен бекітілген Департамент туралы ережені басшылыққа алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері туралы ақпарат:
Департамент көрсететін мемлекеттік қызмет түрлерінің жалпы саны - барлығы 6 қызмет.
1) «Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»;
2) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру»;
3) «Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»;
4) «Патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат және оған қосымша беру»;
5) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру».
6) Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау қызметтерін көрсетуге лицензия беру
Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны - 6;
Қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны - 0.
Бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының саны - 6.
2024 жылдың 3-тоқсанында барлығы – 267 мемлекеттік қызмет көрсетілді, рұқсат беру құжаттары – 203, оның ішінде қайта рәсімдеу 8 объекті, 1 жоба), беруден дәлелді бас тарту – 64. Соның ішінде:
Эпидемиялық маңызы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруге өтініш түсті - 156, рұқсат беру құжаттары – 103 (оның ішінде 8 қайта рәсімдеу), дәлелді бас тарту - 53.
Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың шекті жол берілетін шығарындылары мен шекті жол берілетін төгінділері бойынша нормативтік құжаттама жобаларына, санитарлық қорғау аймақтары мен санитарлық-қорғау аймақтарына, шикізат пен өнімге санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды беруге - 67 өтініш келіп түсті, рұқсат беру құжаттары – 60 (оның ішінде 1 қайта рәсімдеу), дәлелді бас тарту –7.
Патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат және оған қосымша алу үшін өтініш түсті - 9, рұқсат беру құжаты - 9, дәлелді бас тарту – болмады.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектісіне есептік нөмір беруге - өтініш келіп түспеді.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беруге – 35 өтініш келіп түсті, 31 рұқсат беру құжаты берілді, беруден бас тарту - 4.
Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау қызметтерін көрсетуге лицензия беру– өтініш келіп түскен жоқ.
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңына сәйкес басқа мемлекеттік органның рұқсат беруін келісуге - 64 өтініш түсті:
Фармацевтикалық қызметке- 24 өтініш келіп түсті, 24- рұқсат беру келісілді, дәлелді бас тарту-болмады;
Улы заттарды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою қызметіне - өтініш келіп түспеді;
Прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке -1 өтініш келіп түсті, 1- өтініш келісілді, дәлелді бас тарту – болмады;
Медициналық қызмет- 39 өтініш келіп түсті, 33- келісілді, дәлелді бас тарту –6.
2024 жылдың 3-тоқсанында көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру бойынша жүргізілген түсіндіру іс-шараларының саны – 599, халықты мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі түсіндіру іс-шараларымен қамту - 5531.
Қызмет көрсетуші мамандар арасында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру - өткізілмеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау тұрақты негізде жүргізіледі. Ішкі бақылаудың мақсаты мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі, ашықтығы және уақтылы көрсетілуі болып табылады.
2024 жылдың 3-тоқсанында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мерзімдерін бұзу анықталған жоқ..
2024 жылдың 3-тоқсанында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар түспеді.