Әдеп жөніндегі уәкілдің 2024 жылға арналған жұмыс жоспары Батыс Қазақстан облысының санитариялық –эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының 30.01.2024 №10–НҚ бұйрығымен бекітілді.
Қазақстан Республикасының Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсанындағы №153 Жарлығына сәйкес Әдеп кодексін түсіндіру бойынша аудандық басқарма басшылары, департамент мамандары, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұжымдары үшін семинар-кеңес өткізілді.
Ағымдағы жылдың 3 тоқсанында мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының Әдеп кодексі және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында заңнамаларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді оның ішінде, мемлекеттік қызметшілерге 6 дәріс пен семинарлар өткізілді.
Сонымен қатар, Жаңақала, Казталовка ,Бөрлі, Шыңғырлау, Ақжайық аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарымен кездесулер ұйымдастырлды .
Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында 30 мемлекеттік қызметші арасында анонимді сауалнама жүргізілді.
Теріс материалдарды анықтау мақсатында әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің аккаунттарына тұрақты негізде мониторинг жүргізілді. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік этика нормаларын бұзу фактілері бойынша шағым түскен жоқ.
Әдеп кодексі нормалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамалары талаптары сақталуы бағытында аумақтық телеарналарға сұхбат берілді, департаменттің интернет-ресурстарында, Instagram, facebook әлеуметтік желілерінде тікелей эфирлер өткізілді.