Санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг халықтың денсаулығы мен тіршілік ету ортасын бақылаудың, оларды талдаудың, бағалаудың және болжаудың, сондай-ақ халықтың денсаулық жағдайы мен тіршілік ету ортасы факторларының әсері арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтаудың мемлекеттік жүйесі болып табылады.
Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг шеңберінде сыртқы қоршаған ортадан (су, топырақ, атмосфералық ауа) сынамаларды іріктеу тоқсанына кемінде бір рет жүргізіледі. Облыс бойынша сумен жабдықтау бойынша бақылау нүктелерінің барлығы - 469.
2024 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша, Батыс Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалары келесідей зерттеулер жүргізді:
орталықтандырылған сумен жабдықтау бойынша облыс бойынша барлығы 3210 сынама санитарлық-химиялық көрсеткіштерге зерттелді, оның 215-сі сәйкес келмеді, бұл 6,7%-ды құрайды. Сәйкессіздіктер Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарында анықталды.
Микробиологиялық көрсеткіштерге облыс бойынша барлығы 3360 сынама зерттелді, оның 104-і сәйкес келмейді, бұл 3,1% құрайды. Сәйкессіздіктер Ақжайық, Бөрлі Жангала, Жәнібек, Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарында және Орал қаласында анықталды.
Орталықтандырылмаған сумен жабдықтау бойынша: облыс бойынша барлығы 296 сынама санитарлық-химиялық көрсеткіштерге зерттелді, оның 36-сы сәйкес келмеді. Сәйкессіздік Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі аудандарында анықталды.
Санитарлық-микробиологиялық көрсеткіштерге облыс бойынша барлығы 378 сынама зерттелді, оның 35-сі сәйкес келмеді. Сәйкессіздіктер Жаңақала, Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі ауданында анықталды.
Сәйкес келмейтін сынамалар бойынша барлық жағдайларда шаруашылық жүргізуші субъектіге сумен жабдықтау объектілерін тазалау, жуу және дезинфекциялау қажеттігі туралы хаттар жіберілді.
Облыс бойынша атмосфералық ауа сынамаларын іріктеудің бақылау нүктелері саны – 719.
2024 ж. 9 ай ішінде атмосфералық ауаның жай-күйіне мониторинг жүргізу үшін 31482 сынама алынып, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттелді, оның ішінде шекті рұқсат етілген концентрациядан ауытқу 60 сынамасында анықталды (шаң-18 сынама, күкіртті сутек - 6 сынама, көміртегі оксиді 15 сынама,күйе-21 сынама).