Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығы

"Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары:

Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер – дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау іс-шараларын жүзеге асыру, сондай-ақ дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын дайындау және сақтау бойынша қызметтер кешені.

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы көрсетеді.

      Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия алу үшін дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға немесе заңды тұлға көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығымен  бекітілген нысан бойынша өтінішті портал арқылы жібереді. Көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензияны қайта ресімдеу, рұқсат беруді бақылауды, лицензияның қолданылуын тоқтата тұруды, қайта бастауды және тоқтатуды жүзеге асыру тәртібі мен шарттары "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленеді.

      Лицензияны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге № 3 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша өтінішті және Тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттарды портал арқылы жібереді. Көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұраным қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, хабарлама портал арқылы жіберіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: лицензия беру кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні; лицензияны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні.; Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған); Төлем мөлшері: "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабына сәйкес ақылы.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:

1) лицензия алу үшін: (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10195 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығымен (бұдан әрі - № 3 бұйрық) бекітілген нысан бойынша өтініш; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-101 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29825 болып тіркелген) денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны; ЭҮШ-да мәліметтер болмаған кезде дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын дайындау және (немесе) сақтау бойынша объектінің (объектілердің) сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының электрондық көшірмесі; санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары және (немесе) техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) медициналық білімі туралы дипломның электрондық көшірмесі (2015 жылға дейін оқуды бітірген көрсетілетін қызметті алушының дезинфектор-нұсқаушылары үшін); денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің электрондық көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушының дезинфекторлары мен дезинфектор-нұсқаушылары үшін);

2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде: 3 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша өтініш; ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері.

Қазақстан Републикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

1)Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы; 2) лицензиялық алым енгізілмеген; 3) өтініш иесінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі; 4) өтініш иесіне қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы; 5) сот орындаушысының нұсқамасының негізінде сот өтініш иесі-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған жағдайларда жүзеге асырылады; 6) лицензия алу үшін өтініш иесі ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталса, лицензия беруден бас тартылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар: Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары gov.egov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған; Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі болады; Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі болады; Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көзі нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді; Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары gov.egov.kz интернет-ресурсында көрсетілген; Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығы.
Дата публикации
23 августа 2024