2024 жылдың 6 айында БҚО бойынша облыстың өнеркәсіптік объектілерінің жұмыс орындарындағы жұмыс аймағы ауасының жай-күйіне және физикалық факторларға санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг

Жұмыс аймағының ауа күйіне. 2024 жылдың 1 жартыжылдығында Батыс Қазақстан облысының санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары рұқсат етілген шекті концентрациядан асатын булар мен газдарға, шаң мен аэрозольге арналған санитариялық химиялық көрсеткіштерге жұмыс аймағы ауасының 87 сынамасын зерттеді, тіркелмеген.

Физикалық факторлар бойынша еңбек жағдайлары 2024 жылдың 1 жартыжылдығында жұмыс орындарында шу 19, діріл 8, жарықтандыру өлшемдері бойынша 90 өлшеулер жүргізілді, шекті рұқсат етілген деңгейлер тіркелмеді, микроклимат бойынша жүргізілген өлшеулердің ішінен шекті рұқсат етілген деңгейлер асып кетуі 8 жұмыс орнында тіркелді. Шекті рұқсат етілген деңгейлер асып кету бойынша еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін нұсқама жіберілді.

2024 жылдың 6 айында БҚО бойынша облыстың өнеркәсіптік объектілерінің жұмыс орындарындағы жұмыс аймағы ауасының жай-күйіне және физикалық факторларға санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг
Дата публикации
22 июля 2024