Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық – эпидемиологиялық бақылау Комитетінің Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның аумақтық басқармалармен 2024 жылдың 2-тоқсанында барлығы – 305 мемлекеттік қызмет көрсетілді, рұқсат беру құжаттары – 225, беруден дәлелді бас тарту – 80. Соның ішінде:
Эпидемиялық маңызы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруге өтініш түсті - 198, рұқсат беру құжаттары - 124, беруден дәлелді бас тарту - 74.
Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың шекті жол берілетін шығарындылары мен шекті жол берілетін төгінділері бойынша нормативтік құжаттама жобаларына, санитарлық қорғау аймақтары мен санитарлық-қорғау аймақтарына, шикізат пен өнімге санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды беруге - 83 өтініш келіп түсті, рұқсат беру құжаттары - 78, беруден дәлелді бас тарту –5.
Патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат және оған қосымша алу үшін өтініш түсті - 6, рұқсат беру құжаты - 6, беруден дәлелді бас тарту – болмады.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектісіне есептік нөмір беруге - 2 өтініш келіп түсті, 2 рұқсат беру құжаты берілді, беруден дәлелді бас тарту – болмады.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беруге – 16 өтініш келіп түсті, 15 рұқсат беру құжаты берілді, беруден бас тарту - 1.
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңына сәйкес басқа мемлекеттік органның рұқсат беруін келісуге - 40 өтініш түсті:
Фармацевтикалық қызметке 16 өтініш келісілді, дәлелді бас тарту-2;
Прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке 5 өтініш келіп түсті, 1 өтініш келісілді, дәлелді бас тарту – 0;
Улы заттарды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою қызметіне 2 өтініш келіп түсті, 1 келісілді, дәлелді бас тарту – 1;
Медициналық қызмет 15 өтініш келіп түсті, 13 келісілді, дәлелді бас тарту–2.
2024 жылдың 2-тоқсанында көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру бойынша жүргізілген түсіндіру іс-шараларының саны – 365, халықты мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі түсіндіру іс-шараларымен қамту - 2810.