Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша семинар өткізілді

2024 жылғы 12 шілдеде Батыс Қазақстан облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және оның аумақтық басқармалардың қызметкерлерімен АҚ «Мемлекеттік техникалық қызмет» экспертінің онлайн қатысуымен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша семинар өткізілді. Семинар барысында «Ақпараттандыру туралы», «Дербес деректер және оларды қорғау туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңдардың, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» №832 Қаулысының талаптары түсіндірілді.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша семинар өткізілді
Дата публикации
15 июля 2024