Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен оның аумақтық бөлімшелері жұмысының маңызды бағыттарының бірі санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру бөлігінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтерді көрсету талаптары мен тәртібі "халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен айқындалады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына енгізілген өзгерістер күшіне енді, олар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге жоғары эпидемиялық маңызы бар объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны және зиянды заттардың шекті жол берілетін шығарындылары мен шекті жол берілетін төгінділері бойынша, қоршаған ортаға, санитарлық қорғау аймақтарына және санитарлық-қорғау аймақтарына физикалық факторлар, халықтың санитариялық - эпидемиологиялық саламаттылығы, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданысын қалпына келтіру, қайта ресімдеу, қолданысын тоқтату саласындағы нормативтік құқықтық актілерге шикізат пен өнімнің жаңа түрлеріне нормативтік құжаттама жобаларын беру тәртібін айқындайды.
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мыналарды қамтиды:
- ұсынылған құжаттарға (немесе жобаларға) сараптама жүргізу;
- зертханалық және аспаптық зерттеулер мен сынақтар жүргізу (объектілерді санитариялық-эпидемиологиялық сараптау кезінде);
- объектіні тексеру (объектілерді санитариялық-эпидемиологиялық сараптау кезінде).
Эпидемиялық маңызы жоғары объектілердің сәйкестігін бағалау кезінде мынадай негізгі талаптар ескеріледі:
- субъектінің (сараптама объектісінің) сипаттамасы: сараптама объектісінің шаруашылық жүргізуші субъектіге тиесілігі (меншік құқығында және (немесе) жалға алынатын немесе өзге де нысандар);
- қызмет саласы мен түрі, объектінің қуаты (өнімділік, (немесе) отыратын орындар саны, (немесе) жобалық/нақты орындар саны);
- объектіге рұқсат беру құжаттары (оның ішінде заңнамаға сәйкес бұрын берілген, бар болса),
- объектіні орналастыру сипаттамасы (оның қауіптілік сыныбы, санитариялық-қорғау аймағының (СҚА), санитариялық ажыраулардың (СА) белгіленген мөлшері. Есептік (алдын ала) және белгіленген (түпкілікті) (өзгертілген) СҚА белгілеу жөніндегі жобаларға СЭҚ. СҚА аумағының режимі. Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына зиянды заттар мен физикалық факторлардың шекті жол берілетін шығарындылары мен шекті жол берілетін төгінділері бойынша нормативтік құжаттама жобаларына (заңнамада көзделген жағдайларда) СҚА ж.т.б.
- объект аумағының сипаттамасы;
- объектінің үй-жайларының, ғимараттары мен құрылыстарының жиынтығы, құрамы мен ауданы, оларды функционалдық мақсатына сәйкес пайдалану, үй-жайлардың ішкі безендірілуі және т. б.;
- санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар, денсаулық сақтау объектілерінің, кір жуу орындарының болуы;
- сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, жарықтандыру, желдету және ауаны баптау сипаттамасы.
Бюрократиялық әуре-сарсаңды болдырмау мақсатында Мемлекеттік қызметтерді алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің "веб-порталы арқылы жолдайды
www.egov.kz,
www.elicense.kz белгіленген нысан бойынша өтініш, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесіне сәйкес құжаттар мен мәліметтер ұсынылады.
Барлық мемлекеттік қызметтер электрондық форматта, тегін негізде, заңнамада белгіленген мерзімде көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушыға өтініш беруге де, оның барлық кезеңдерінде мемлекеттік қызмет көрсетуді қадағалауға да, портал арқылы өзіне ыңғайлы жерлерде (үйде, жұмыста) мемлекеттік қызмет нәтижесін алуға мүмкіндік беріледі.
Бұдан басқа, қағидаларға енгізілген өзгерістерге сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларда көзделген негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны осындай алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға ол бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі туралы алдын ала хабардар етеді және таныстырады.
Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы бұрын алынған санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу мүмкіндігі бар.
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу мынадай жағдайларда қосымша немесе қайталама зерттеулер (сынақтар) жүргізілмей жүзеге асырылады:
- құжатта қателер анықталған;
- дара кәсіпкер – көрсетілетін қызметті алушы қайта тіркелсе, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерсе;
- көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның, өнімді дайындаушының атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген жағдайларда;
- объектінің орналасқан жерінің мекенжайы оның физикалық орын ауыстыруынсыз өзгерген жағдайларда жүзеге асырылады.
Санитариялық - эпидемиологиялық қызмет органдарының басым міндеттерінің бірі мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету!