Әдеп жөніндегі уәкілінің 2024 жылға арналғанжұмыс жоспары Батыс Қазақстан облысының санитариялық –эпидемиологиялық бақыдау департаменті басшысының 30.01.2024№10–НҚ бұйрығымен бекітілді.
Қазақстан Республикасының Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығына сәйкес Әдеп кодексін түсіндіру бойынша аудандық басқарма басшылары,департамент мамандары, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұжымдары үшін семинар-кеңес өткізілді.
Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік қызметшіге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша консультациялық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, жеке қабылдауда 1 мемлекеттік қызметші, 4 лекция және семинарлар өткізілді. 34 мемлекеттік қызметші арасында анонимді сауалнама жүргізілді.
Теріс материалдарды анықтау мақсатында әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің аккаунттарына тұрақты негізде мониторинг жүргізілді. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік этика нормаларын бұзу фактілері бойынша 1 шағым түсті. Шағымды қарап, қарау нәтижесінде этика нормаларын бұзу фактілері анықталмады.
Әдеп кодексі нормалары,сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамалары талаптары сақталуы бағытында департаменттің Instagram, facebook әлеуметтік желілеріндетікелей эфирлер өткізілді.