2023 жылдың 12 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторингтеу нәтижелері туралы аналитикалық анықтама

           Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына» сәйкес Сізге 2023 жылғы 12 айдың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының мониторингінің нәтижелері туралы ақпарат ұсынады.

          Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (бұдан әрі - Департамент) ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық – эпидемиологиялық бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.

          Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, ҚР өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі №594 бұйрығымен бекітілген Департамент туралы ережені басшылыққа алады.

          Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мониторингілеу нәтижелері туралы ақпарат:

         Департамент көрсететін мемлекеттік қызмет түрлерінің жалпы саны - барлығы 5 қызмет.

1) «Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»;

2) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру»;

3) «Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»;

4) «Патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат және оған қосымша беру»;

5) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру».

          Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны - 5; 

          Қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны - 0.

          Бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының саны - 5.

         2023 жылдың 12 айында барлығы – 1680(сонын ішінде-1тоқтатылды ), мемлекеттік қызмет көрсетілді, рұқсат беру құжаттары – 1359(сонын ішінде-1 тоқтатылды) , беруден дәлелді бас тарту – 320. Соның ішінде:

         Эпидемиялық маңызы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруге өтініш түсті - 651(сонын ішінде-1 тоқтатылды), рұқсат беру құжаттары - 401(сонын ішінде-1 тоқтатылды), беруден дәлелді бас тарту - 249.

          Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың шекті жол берілетін шығарындылары мен шекті жол берілетін төгінділері бойынша нормативтік құжаттама жобаларына, санитарлық қорғау аймақтары мен санитарлық-қорғау аймақтарына, шикізат пен өнімге санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды беруге - 441 өтініш келіп түсті, рұқсат беру құжаттары - 400, беруден дәлелді бас тарту – 41.

         Патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат және оған қосымша алу үшін өтініш түсті - 138, рұқсат беру құжаты - 122, беруден дәлелді бас тарту – 16.

          Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектісіне есептік нөмір беруге - 5 өтініш келіп түсті, 5 рұқсат беру құжаты берілді, беруден дәлелді бас тарту – 0. 

          Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беруге – 445 өтініш келіп түсті, 431 рұқсат беру құжаты берілді, беруден бас тарту - 14.

          «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңына сәйкес басқа мемлекеттік органның рұқсат беруін келісуге - 84 өтініш түсті:              

          Фармацевтикалық қызметке 45 өтініш келіп түсті, 38 өтініш келісілді, дәлелді бас тарту-7;

          Прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке 25 өтініш келіп түсті, 15 өтініш келісілді, дәлелді бас тарту – 5;

Улы заттарды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою қызметіне 2 өтініш келіп түсті,  дәлелді бас тарту - 2;

Медициналық қызметке 17 өтініш келіп түсті, 16 өтініш келісілді, дәлелді бас тарту – 1.

          2023 жылдың 12 айда көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру бойынша жүргізілген түсіндіру іс-шараларының саны – 832, халықты мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі түсіндіру іс-шараларымен қамту - 980.

          Қызмет көрсетуші мамандар арасында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру - 0.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау тұрақты негізде жүргізіледі. Ішкі бақылаудың мақсаты мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі, ашықтығы және уақтылы көрсетілуі болып табылады.

2023 жылдың 12 айында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар тіркелген жоқ.

2023 жылдың 12 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторингтеу нәтижелері туралы аналитикалық анықтама
Дата публикации
19 января 2024