Әдеп жөніндегі уәкілінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының м.а 06.03.2023 №38-НҚ бұйрығымен бекітілді.
Қазақстан Республикасының Президентінің 2022 жылғы 22 ақпанындағы «Қазақстан Республикасының Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» №814 Жарлығына сай Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің жаңа редакциясы шығуына байланысты Әдеп жөніндегі уәкіл департаменттің мамандарына, басқарма басшылары мен мамандарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар Департамент, Орал қалалық және аудандық санитариялық–эпидемиологиялық бақылау басқармаларының ұжымыдарына семинар өткізілді. Мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын сақтауын қамтамасыз ету сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға жол бермеу мақсатында консультативті көмек көрсетілді.
Он екі мемлекеттік қызметші жеке қабылдауда болды және 18 дәріспенен семинарлар өткізілді.
Корпоративтік ұжымдық мәдениетті нығайту мақсатында жаңадан қабылданған 21 жас мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізіліп, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптармен шектеулер туралы кеңес берілді (қызметтік әдеп нормаларымен, мекеменің ішкі тәртібімен, ұжымдық мәдениетпен және т.б.).
Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаларды ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында 165 анонимді сауалнама жүргізілді.
Әдеп жөніндегі уәкілінің ұсынысы бойынша 3 мемлекеттік қызметкер мемлекеттік қызметтің оңтайлы бейнесі мен ұжымның жағымды ахуалының қалыптасуына қосқан үлесі Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының АЛҒЫС хатымен марапатталды.
Мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту мақсатында жұмыстарына адал, лайықты 4 мемлекеттік қызметші таңдалып, олар туралы мақала газет және әлеуметтік желілерде (Facebook, instagram) материалдар жарияланды.
Теріс материалдарды анықтау мақсатында әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің аккаунттарына тұрақты негізде мониторинг жүргізілді.
Мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік этика нормаларын бұзу фактілері бойынша 2 шағым түсті. Шағымды қарап, қарау нәтижесінде этика нормаларын бұзу фактілері анықталмады.
Әдеп кодексі нормалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамалары талаптары сақталуы бағытында БАҚ «Aqjayiq» телеарнасының «Ел алдында» бағдарламасында және департаменттің Instagram, facebook әлеуметтік желілерінде тікелей эфирлер өткізілді.