Әдеп жөніндегі уәкілінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары Батыс Қазақстан облысының санитариялық–эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының м.а 06.03.2023 №38 –НҚ бұйрығымен бекітілді.
Қазақстан Республикасының Президентінің 2022 жылғы 22 ақпанындағы «Қазақстан Республикасының Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» №814 Жарлығына сай Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің жаңа редакциясы шығуына байланысты Әдеп жөніндегі уәкіл департаменттің мамандарына, басқарма басшыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді .
Сонымен қатар,Департамент және Ақжайық аудандық, Орал қалалық санитариялық–эпидемиологиялық бақылау басқармаларының ұжымыдарына және семинар өткізілді.
Ағымдағы жылдың 4 тоқсаны бойынша мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын сақтауын қамтамасыз ету сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға жол бермеу мақсатындаконсультативті көмек көрсетілді.
2 мемлекеттік қызметші жеке қабылдауда болды және 3 дәріспенен семинарлар өткізілді.
Корпоративтік ұжымдық мәдениетті нығайту мақсатында жаңадан қабылданған 8жас мемлекеттік қызметшілерменкездесу өткізіліп, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптармен шектеулер туралы кеңес берілді (қызметтік әдеп нормаларымен, мекеменің ішкі тәртібімен, ұжымдық мәдениетпен және т.б.).
Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаларды ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында 52анонимді сауалнама жүргізілді.
Instagram, facebook департаменттерінің әлеуметтік желілерінде Әдеп кодексінің нормаларын, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнама талаптарын сақтау бағытында тікелей эфирлер өткізілді.
Теріс материалдарды анықтау мақсатында әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің аккаунттарына тұрақты негізде мониторинг жүргізілді. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік этика нормаларын бұзу фактілері бойынша шағым түспеді.