2023 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (бұдан әрі - Департамент) және оның аумақтық басқармалары Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді, жоспарға сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар жүргізіледі.

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының 23.01.2023 жылғы №10-НҚ бұйрығына сәйкес «2023 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспары» бекітілді. 2023 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде.

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының 19.05.2022 жылғы №75-НҚ бұйрығына сәйкес «Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты» бекітілді, ол Департаменттің және оның құрылымдық, аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларының мінез-құлық қағидаларын айқындайды, сондай-ақ олардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде шектеулер мен тыйым салуларды белгілейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Департаменттің және аумақтық басқармалардың барлық әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің назарына жеткізілді.

Комитет төрағасының бұйрығымен әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары департамент басшысының орынбасары Н.Сариеваға жүктелді. Департаменттің 1 қабатында кіре-берісте, сондай-ақ Департаменттің барлық аумақтық басқармаларында Әдеп Кодексінің стенді орналасты, стендтің астыңғы жағында Әдеп жөніндегі уәкілдің байланыс деректері көрсетілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру мақсатында Батыс Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарында келесі іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді:

* Департаменттің жанында тәртіптік комиссия және келісім комиссиясы құрылды және жұмыс істейді;

* Барлық аумақтық басқармалардың басшыларына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін дербес жауапкершілік туралы ресми ескертулер берілді;

* Лауазымдық нұсқаулықтарға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік туралы тармақ енгізілді;

* Жеке және заңды тұлғаларды тұрақты қабылдау жүзеге асырылады (2023 жылдың 9 айында барлығы департамент басшысы мен оның орынбасарларымен және аумақтық басқарма басшыларымен барлығы 78 жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау өткізілді);

* «Сенім телефоны» ұйымдастырылған және жұмыс істейді (нөмірлер ғимараттың кіре-берісте және Департамент сайтында орналасқан);

* Келушілер (көрсетілетін қызметті алушылар) үшін көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері туралы ақпарат, сондай-ақ рұқсат беру құжаттарын беру тәртібі мен мерзімдері туралы ақпарат бар стенд орнатылған;

* Департаменттің және барлық аумақтық басқармалардың ғимараттарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау үшін жәшіктер орнатылған;

* Мамандардың өтініш берушілермен тікелей байланысын болдырмау мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады;

* Департамент ғимаратының 1 қабатында телеэкранда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы бейнероликтер тұрақты жүргізіледі;

* Жеке және заңды тұлғалардың өкілдеріне кеңес беру арнайы бөлмеде жүзеге асырылады;

* Құжаттарды тіркеу, қабылдау және беру жұмыстарын үйлестіруге жауапты кеңсе қызметкерлері анықталып, жауапты лауазымды тұлғалар бекітілді;

* Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру мақсатында келесідей алдын алу әдістері жүргізіледі: анонимді сауалнама, сыбайлас жемқорлық қылмыстары, құқықбұзушылықтары үшін жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілердің бейнероликтерін көрсету.

* Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік атмосферасын құру және қызметкерлердің де, халықтың да құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыру мақсатында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын түсіндіру бойынша Департаментпен, сондай-ақ басқармалармен 2023 жылдың 9 айында 67 семинар (дөңгелек үстел) өткізілді, әлеуметтік желілерде (facebook, instagram) – 55, Департаменттің ресми сайтында – 4 жарияланды.

* ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес, БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының 19.04.2023 жылғы №73-НҚ бұйрығы негізінде Орал қалалық және Тасқала аудандық, Жәнібек аудандық, Теректі аудандық, Бәйтерек ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының қызметтеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындысы бойынша анықтама жасалды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жауапты тұлғаларға ұсынымдар берілді.

*2023 жылдың IV тоқсанына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесі 2023 жылы 2 қазанда басшының №184 бұйрығымен бекітілді.

* Мемлекеттік сатып алу қолданыстағы заңнамаға және бекітілген Мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес бірыңғай веб-портал арқылы жүргізіледі, бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылау мақсатында тоқсан сайын мемлекеттік сатып алу жоспарының орындалуына талдау жүргізіледі.

* Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі жылдық жоспарға сәйкес 2023 жылдың 9 айында 15 семинар өткізді, 11 мемлекеттік қызметшіге және жеке тұлғаларға консультативтік көмек көрсетілді, 11 Басқармаға шығу: Бәйтерек, Бөрлі, Қаратөбе, Тасқала, Сырым, Орал, Бөкейорда, Жаңақала, Қазталов, Ақжайық және Теректі аудандық басқармасы, 122 мемлекеттік қызметшіге анонимді сауалнама жүргізілді. Барлық материалдар Департаменттің ресми әлеуметтік желілерінде жарияланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен ақпан айында мемлекеттік қызметшілердің тергеу изоляторларына экскурсия жасау тәжірибесі ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, бас бостандығынан айыру мекемелерінде болудың ауыртпалығын сезіну, оларды сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау салдарларымен таныстыру болып табылады.

Осы бағыттағы жұмыс департаменттің жоспарына сәйкес 2023 жыл бойы жалғасатын болады.

2023 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе қылмыстар облыс бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарында тіркелмеді.

2023 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар
Дата публикации
13 октября 2023