ІІ тоқсанда БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне (бұдан әрі-Департамент) барлығы 53 өтініш түсті (жеке тұлғадан-31(58%), заңды тұлғадан-18 (34%), ұжымдық-4 (8%).
Оның 40-ы қаралды.
Құзыреті бойынша басқа мемлекеттік органға -13 жіберілді.
Өтініштердің негізгі бөлігі бастапқы сипатта-46 (87%) телнұсқа-7 (13%).
Келіп түскен өтініштердің түрі бойынша:
арыздар-20 (38%);
шағымдар-10 (19%);
ұсыныстар-0 (0%);
басқалары (хабарлама, сұрау, үн қосу) - 23 (43%).
Департаментке келіп түскен өтініштер сипаты бойынша бөлінеді:
Орта және шағын бизнес субъектілерінің санитарлық нормаларды сақтамауы-12 (23%);
Заңсыз құрылыстар (ғимараттар) – 5 (9)%;
Абаттандыру мәселелері (демалыс саябақтарының жағдайы, спорт алаңдары, қоқыс жәшіктерін орнату ) – 2 (4%);
Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметі және тамақ өнімдерінің сапасы – 4 (8%);
Ауыз сумен жабдықтау жағдайы – 6 (11%);
Басқа сұрақтар (әкімшілік-шаруашылық, материалдық-техникалық, мемлкеттік қызмет, кадрлық қамтамасыз ету және т.б.) – 24 (45%).