І тоқсанда БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне (бұдан әрі-Департамент) барлығы 66 өтініш түсті (жеке тұлғадан-53(80%), заңды тұлғадан-11 (17%), ұжымдық-2 (3%).
Оның 59-ы қаралды.
Құзыреті бойынша басқа мемлекеттік органға -9 жіберілді.
Өтініштердің негізгі бөлігі бастапқы сипатта-50 (76%) телнұсқа-16 (24%).
Келіп түскен өтініштердің түрі бойынша:
арыздар-28 (42%);
шағымдар-13 (20%);
ұсыныстар-0 (0%);
басқалары (хабарлама, сұрау, үн қосу) - 25 (38%).
Департаментке келіп түскен өтініштер сипаты бойынша бөлінеді:
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы (Санитариялық нормалар мен ережелер, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, санитария және гигиена) - 55 (83%);
Басқа мәселелер (әкімшілік-шаруашылық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет, кадрлық қамтамасыз ету, демалыс беру және т.б.) - 11 (17%).