Әдеп жөніндегі уәкілінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары атыс Қазақстан облысының санитариялық–эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының м.а 06.03.2023 №38 –НҚ бұйрығымен бекітілді.
Қазақстан Республикасының Президентінің 2022 жылғы 22 ақпанындағы «Қазақстан Республикасының Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» №814 Жарлығына сай Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің жаңа редакциясы шығуына байланысты Әдеп жөніндегі уәкіл департаменттің мамандарына, басқарма басшыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді .
Сонымен қатар, Теректі, Жаңақала, Казталовка, Бөрлі, Шыңғырлау, Бөкейорда аудандық санитариялық–эпидемиологиялық бақылау басқармаларының ұжымдарына жәнеДепартамент мамандары, аудандық санитариялық –эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары, Орал қалалықсанитариялық –эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары,Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ( Сыбайлас жемққорлықа қарсы қызымет ) БҚО департаментінің маманының қатысумен семинар өткізілді.
Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын сақтауын қамтамасыз ету мақсатындаконсультативті көмек көрсетілді, сонымен қатар, 1 мемлекеттік қызметші жеке қабылдауда болды және 5 дәріспенен семинарлар өткізілді.
Орал қалалық басқармаға жаңадан жұмысқа қабылданған жас мамандармен кездесу өткізіліп, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптармен шектеулер туралы кеңес берілді .
Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаларды ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында 14 анонимді сауалнама жүргізілді .
Теріс материалдарды анықтау мақсатында әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің аккаунттарына тұрақты негізде мониторинг жүргізілді. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік этика нормаларын бұзу фактілері бойынша шағым түспеді.
Әдеп кодексі нормалары,сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамалары талаптары сақталуы бағытында департаменттің Instagram, facebook әлеуметтік желілеріндетікелей эфирлер өткізілді.