Әдеп жөніндегі уәкілінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары Батыс Қазақстан облысының санитариялық–эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының м.а 06.03.2023 №38 – НҚ бұйрығымен бекітілді.
Қазақстан Республикасының Президентінің 2022 жылғы 22 ақпанындағы «Қазақстан Республикасының Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» №814 Жарлығына сай Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің жаңа редакциясы шығуына байланысты Әдеп жөніндегі уәкіл департаменттің мамандарына, басқарма басшыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, Қаратөбе, Сырым, Теректі, Бәйтерек, Тасқала, Жаңақала, Казталовка аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармаларының ұжымдарына семинар өткізді. Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын сақтауын қамтамасыз ету мақсатында консультативті көмек көрсетілді, сонымен қатар, 11 мемлекеттік қызметші жеке қабылдауда болды және 10 дәріспенен семинарлар өткізілді. Орал қалалық басқармаға жаңадан жұмысқа қабылданған жас мамандармен кездесу өткізіліп, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптармен шектеулер туралы кеңес берілді.
Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаларды ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында 108 анонимді сауалнама жүргізілді. Теріс материалдарды анықтау мақсатында әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің аккаунттарына тұрақты негізде мониторинг жүргізілді. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік этика нормаларын бұзу фактілері бойынша 2 шағым түсті. Шағымды қарап, қарау нәтижесінде этика нормаларын бұзу фактілері анықталмады.
Әдеп кодексі нормалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңдарын, талаптарын сақталу бағытында БАҚ «Aqjayiq» телеарнасының «Ел алдында» бағдарламасында және департаменттің Instagram, facebook әлеуметтік желілерінде тікелей эфирлер өткізілді.