Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 4 шілдедегі «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу бойынша қосымша уақытша шектеу шараларын енгізу туралы» № 22-ПГВр қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 150-бабы, 21-бабы 12-тармағының 6)-тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабын, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі - БҚО) халқы арасында коронавирустық инфекциямен (бұдан әрі - КВИ) сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу және адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында және Қазақстан Республикасы аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Батыс Қазақстан облысы аумағында қатаң карантиндік шектеу шаралары 2020 жылғы 2 тамызға дейін ұзартылсын.
1-тармақтың 1.6-тармақшасы және 1-тармақтың 1.7-тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын::
Ашық үлгідегі азық-түлік және азық-түлік емес базарларының қызметін және қоғамдық көлік жұмысын демалыс күндері 2020 жылғы 18 шілде сағат 00.00-ден 2020 жылғы 19 шілде сағат 00.00-ге дейін, 2020 жылғы 25 шілде сағат 00.00-ден 2020 жылғы 26 шілде сағат 00.00-ге дейін, 2020 жылғы 01 тамыз сағат 00.00-ден 2020 жылғы 02 тамыз сағат 00.00-ге дейін тоқтата тұру.
Батыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев