«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес Бәйтерек, Жәнібек және Тасқала аудандарының басқармаларында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында, Батыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А.Баймуханбетова сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуын бағалау сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің (көріністерінің) неғұрлым кең таралған индикаторларының тізбесін қолдана отырып жүргізілді.
Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, Мемлекеттік қызметтер көрсету, рұқсат беру функцияларын іске асыру, бақылау функцияларын іске асыру бағыттары және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама дайындалып бекітілді және іс-шаралар жоспары әзірленді, барлығы ашық дереккөздерде жарияланған.
Сондай-ақ, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А.Баймуханбетова сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізіп, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы проблемалық мәселелерді талқылады.