2023 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторингтеу нәтижелері туралы

2023 жылдың  мамыр айының қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторингтеу нәтижелері туралы

Департамент көрсететін мемлекеттік қызмет түрлерінің жалпы саны - барлығы 5 қызмет.

1) "Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру";

2) "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру ";

3) "Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру ";

4) "Патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат және оған қосымша беру";

5) "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру".

          Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-5; 

         Қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-0.

         Бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің саны-5.

         2023 жылдың мамыр айында барлығы - 164 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, рұқсат беру құжаттары -145, беруден дәлелді бас тарту-19.

            Ағымдағы жылдың мамыр айында эпидемиялық маңызы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруге өтініш – 39 келіп түсті, рұқсат беру құжаттары - 28, беруден дәлелді бас тарту- 11.

        Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың шекті жол берілетін шығарындылары мен шекті жол берілетін төгінділері бойынша нормативтік құжаттама жобаларына, санитарлық қорғау аймақтары мен санитарлық-қорғау аймақтарына, шикізат пен өнімге санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды беруге 39 өтініш келіп түсті, рұқсат беру құжаттары - 36, беруден дәлелді бас тарту - 3.

         Патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат және оған қосымша алу үшін өтініш түсті - 29, рұқсат беру құжаты - 27, беруден дәлелді бас тарту – 2.

         Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектісіне есептік нөмір беруге 1 өтініш келіп түсті, рұқсат беру құжаты - 1. 

         Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беруге 56 өтініш келіп түсті, рұқсат беру құжаттары – 53, дәлелді бас тарту - 3.

        "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" ҚР Заңына сәйкес басқа мемлекеттік органның рұқсат беруін келісу:              

Фармацевтикалық қызметке 2 өтініш келісілді, дәлелді бас тарту-0;

Прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке 2 өтініш келісілді, дәлелді бас тарту-1.    

          Дәлелді бас тартудың себептері:

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында көзделмеген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге өтініш білдіргенде;

2) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

3) санатты алу кезінде көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған мәліметтердің сәйкес келмеуі;

4) мәліметтер нысанын толық және дұрыс толтырмау (мәліметтер нысанындағы еңбек қызметі толтырылмаған);

 

Дата публикации
08 июня 2023