2023 жылдың 20 сәуірінде Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Н.Сариеваның төрағалығымен Тасқала аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ұжымымен жиын өткізілді. Жиын барысында Әдеп жөніндегі уәкіл Н.Сариева мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын және қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша, Департаменттің персоналды басқару қызметінің басшысы Ф.Айтжанова «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі бойынша және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А.Баймуханбетова Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын түсіндірді.
Жиын барысында басқарма мамандарын қызықтырған сұрақтарға жауап берілді.
Кездесуден соң департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі басқарма мамандарына жеке қабылдау жүргізді.