Теректі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарымен семинар өткізілді

2023 жылдың 19 сәуірінде Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Н.Сариеваның төрағалығымен Теректі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ұжымымен жиын өткізілді. Жиын барысында Әдеп жөніндегі уәкіл Н.Сариева мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын және қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша, Департаменттің персоналды басқару қызметінің басшысы Ф.Айтжанова«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін түсіндіру бойынша және ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің басшысы Е.Джуматаев басқарманың атқарушылық, орындаушылық тәртіп жұмысыбарысын баяндады.

Басқарма ұжымы қызметкерлерінің сұрақтарына жауаптар берілді.

Жиын соңында Әдеп жөніндегі уәкіл Н.Сариева басқарма ұжымы мамандарына жеке қабылдау жүргізді.

Теректі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарымен семинар өткізілді
Дата публикации
19 апреля 2023