2023 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторингтеу нәтижелері туралы аналитикалық анықтама

2023 жылдың  I тоқсанының қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторингтеу нәтижелері туралы а

          Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес Сізге 2023 жылғы 1 тоқсандағы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының мониторингінің нәтижелері туралы ақпарат береді.

         Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (бұдан әрі-Департамент) ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық – эпидемиологиялық бақылау комитетінің (бұдан әрі-Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.

        Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, ҚР өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 594 бұйрығымен бекітілген Ережені басшылыққа алады.

        Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мониторингілеу нәтижелері туралы ақпарат:

Департамент көрсететін мемлекеттік қызмет түрлерінің жалпы саны - барлығы 4 қызмет.

1)" Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру";

2) "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру ";

3)" Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру ";

4) "Патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат және оған қосымша беру";

          Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-4; 

         Қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-0.

         Бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің саны-4.

         2023 жылдың 3 айында барлығы - 181 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, рұқсат беру құжаттары -127, беруден дәлелді бас тарту-54.

            Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында эпидемиялық маңызы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруге өтініш - 88, рұқсат беру құжаттары - 46, беруден дәлелді бас тарту-42 келіп түсті.

        Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың шекті жол берілетін шығарындылары мен шекті жол берілетін төгінділері бойынша нормативтік құжаттама жобаларына, санитарлық қорғау аймақтары мен санитарлық-қорғау аймақтарына, шикізат пен өнімге санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды беруге 90 өтініш келіп түсті, рұқсат беру құжаттары - 78, беруден дәлелді бас тарту - 12.

         Патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат және оған қосымша алу үшін өтініш түсті-1, рұқсат беру құжаты - 1, беруден дәлелді бас тарту – 0.

         Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектісіне есептік нөмір беруге - 2 өтініш келіп түсті, 2 рұқсат беру құжаты берілді, беруден дәлелді бас тарту – 0. 

 

"Рұқсаттар және хабарламалар туралы"ҚР Заңына сәйкес басқа мемлекеттік органның рұқсат беруін келісу:              

Фармацевтикалық қызметке 2 өтініш келісілді, дәлелді бас тарту-0;

Медициналық қызметке 11 өтініш келісілді, дәлелді бас тарту-1;

Прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке 6 өтініш келісілді, дәлелді бас тарту-0.

        

          Беруден дәлелді бас тартудың себептері:

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында көзделмеген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге өтініш білдіргенде;

2) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

3) санатты алу кезінде көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған мәліметтердің сәйкес келмеуі;

4) мәліметтер нысанын толық және дұрыс толтырмау (мәліметтер нысанындағы еңбек қызметі толтырылмаған);

         1 тоқсанда көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру бойынша жүргізілген түсіндіру іс - шараларының саны – 89, халықты мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі түсіндіру іс-шараларымен қамту-226.

         Мамандар арасында Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру-жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет:

Департаменттің 2023 жылға арналған ұйымдастыру іс-шаралар жоспарына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерімен, жобалау ұйымдарының өкілдерімен дөңгелек үстелдер өткізіледі және аумақтық басқарманың мамандарымен Мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсету мәселелері бойынша семинарлар өткізіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері: ішкі бақылау тұрақты негізде жүргізіледі. Ішкі бақылаудың мақсаты мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі, ашықтығы және уақтылы көрсетілуі болып табылады.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері: уәкілетті органға Талдамалық анықтамасы бар тоқсан сайынғы есептерді ұсыну.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторинг нәтижелері: 2023 жылдың 3 айында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағым болған жоқ.

 

 

Дата публикации
09 апреля 2023