Әдеп жөніндегі уәкілінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары Батыс Қазақстан облысының санитариялық –эпидемиологиялық бақыдау департаменті басшысының м.а 06.03.2023 №38–НҚ бұйрығымен бекітілді.
Қазақстан Республикасының Президентінің 2022 жылғы 22 ақпанындағы «Қазақстан Республикасының Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» №814 Жарлығына сай Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің жана редакциясы шығуына байланысты Департамент мамандарына, басқарма басшыларына және Қаратөбе, Сырым аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұжымыдарына семинар өткізілді.
Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік қызметшіге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша консультациялық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, жеке қабылдауда 2 мемлекеттік қызметші, 4 лекция және семинарлар өткізілді. 9 мемлекеттік қызметші арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Теріс материалдарды анықтау мақсатында әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің аккаунттарына тұрақты негізде мониторинг жүргізілуде. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік этика нормаларын бұзу фактілері бойынша 1 шағым түсті. Шағымды қарап, қарау нәтижесінде этика нормаларын бұзу фактілері анықталмады.