Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мониторингілеу нәтижелері туралы ақпарат

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мониторингілеу нәтижелері туралы ақпарат:

 

Департамент көрсететін мемлекеттік қызмет түрлерінің жалпы саны - барлығы 4 қызмет.

 

"Жоғары эпидемиялық маңызы бар объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру";

"Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру";

"Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғау аймақтарына, шикізат пен өнімге зиянды заттар мен физикалық факторлардың шекті жол берілетін шығарындылары мен шекті жол берілетін төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру";

"ПатогенділігІ I-IV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру";

Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-4;

 

Қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-0.

 

Бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің саны-4.

 

2023 жылдың ақпан айында барлығы - 58 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, рұқсат құжаттары берілді - 46, дәлелді беруден бас тартылды 12.

 

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Жоғары эпидемиялық маңызы бар объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру, өтініш - 26 келіп түсті, рұқсат беру құжаттары -17, дәлелді беруден бас тартылды -9.

 

Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың шекті жол берілетін шығарындылары мен шекті жол берілетін төгінділері бойынша нормативтік құжаттама жобаларына, санитарлық қорғау аймақтары мен санитарлық-қорғау аймақтарына, шикізат пен өнімге санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды беру - 31 өтініш келіп түсті, рұқсат беру құжаттары – 28, дәлелді беруден бас тартылды-3.

 

Патогенділігі I-IV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат алу үшін өтініш түскен жоқ.

 

Тамақ өнімдерін өндіру /дайындау / өндіру объектісіне есептік нөмір беру - 1 өтініш, 1 рұқсат беру құжаты берілді, дәлелді беруден бас тартылды - 0.

 

Рұқсат беруден дәлелді бас тартудың себептері:

 

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында көзделмеген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге өтініш білдіргенде;

 

2) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

 

3) санатты алу кезінде көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған мәліметтердің сәйкес келмеуі;

 

4) мәліметтер нысанын толық және дұрыс толтырмау (мәліметтер нысанындағы еңбек қызметі толтырылмаған);

 

Мамандар арасында Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру-жоқ.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мониторингілеу нәтижелері туралы ақпарат:

 

Департаменттің 2023 жылға арналған ұйымдастыру іс-шаралар жоспарына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерімен, жобалау ұйымдарының өкілдерімен дөңгелек үстелдер және аумақтық басқарманың мамандарымен Мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсету мәселелері бойынша семинарлар өткізіледі.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері: ішкі бақылау тұрақты негізде жүргізіледі. Ішкі бақылаудың мақсаты мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі, ашықтығы және уақтылы көрсетілуі болып табылады.

 

2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері: уәкілетті органға Талдамалық анықтамасы бар тоқсан сайынғы есептерді ұсыну.

 

3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторинг нәтижелері: 2023 жылғы ақпан айында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағым болған жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мониторингілеу нәтижелері туралы ақпарат
Дата публикации
03 марта 2023