
ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті 2023 жылғы 20 ақпанда ҚР Денсаулық сақтау вице-министрінің басшылығымен өткізген кеңестің хаттамасын іске асыру мақсатында, БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары 2023 жылғы 28 ақпан күні облыстың медицина ұйымдарының жалпы тәжірибе дәрігерлері, инфекционист дәрігерлері, дәрігер педиатрлары, жедел жәрдем дәрігерлері мен фельдшерлері үшін «Қызылша жұқпасының өзекті мәселері» тақырыбында Zoom арқылы семинар өткізді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта әлемнің түрлі аймақтарында қызылшаның таралу қаупі жоғары, коронавирус инфекциясы вакцинамен басқарылатын аурулардың эпидемиялық қадағалауының әлсіреуіне және вакцинациямен қамтудың төмендеуіне әкелген. Ағымдағы жылы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайдың асқынуы таяу шет елдерде де (Украина, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан) байқалады.
Семинар барысында қызылшаның алдын алу шаралары және вакцинациядан бас тартқан ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және вакцинамен басқарылатын инфекцияларға қарсы вакцинациялауды қамтудың оңтайлы деңгейіне жеткізу қажеттілігі талқыланды.