
Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен «Тағамға биологиялық белсенді қоспаларды (БҚҚ) жарнамалау туралы заңнаманың сақталуын бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды жүзеге асыру алгоритмін» түсіндіру бойынша семинар өткізді.
Басқармалардың мамандарына бұқаралық ақпарат құралдарын, интернет-ресурстарды, әлеуметтік желілерді (сайттар, сілтемелер) және т. б. күнделікті байқау жолымен, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болуы бөлігінде тағамға биологиялық белсенді қоспалардың айналымын бақылауды қамтамасыз ету бойынша түсініктемелер берілді.