«Атамекен» КП дөңгелек үстел өткізілді

Батыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары ҚР ҰКП «Атамекен» БҚО кәсіпкерлер палатасы базасында «Биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) айналымын бақылау және бұзушылықтардың алдын алу (мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болуы бөлігінде (МТТК))» тақырыбында мүдделі органдардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел барысында бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде (сайттар, сілтемелер) мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі жоқ биологиялық белсенді қоспаларды сатуға және оларды жарнамалауға жол бермеу сұрақтары талқыланды.

 

«Атамекен» КП дөңгелек үстел өткізілді
Дата публикации
28 февраля 2023