Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын түсіндіру бойынша семинар өткізілді
Батыс Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (бұдан әрі-Департамент) 2023 жылғы 17 ақпанда Департамент қызметкерлерімен мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Семинар барысында департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Н. Сариева мамандарға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларымен айқындалған мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы талаптары мен олардың мінез-құлқын белгілейтін негізгі стандарттарын және олардың мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға бағытталғандығы туралы баяндады. Сонымен қатар, Департаменттің құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы А. Баймуханбетова сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу туралы түсіндірді және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қатаң сақтау керектігін назарларына жеткізді.
Барлық қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беріліп, ұсыныстары қабылданды.