Кәсіпкерлік кодекс бойынша семинар өткізілді

Кәсіпкерлік кодекс бойынша семинар өткізілді

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы А.Рахматуллина  аумақтық басқарма мамандарымен семинар өткізді. Семинарда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңдылықтың бұзылуына жол бермеу мақсатында ҚР Кәсіпкерлік кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, жаңа реттеуші саясатты жүзеге асырудың өзекті мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы түсініктемелер берілді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша шағын және микро кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулер жүргізу жөніндегі бөлімдер қаралды.

Мамандарға барлық сұрақтар бойынша түсініктемелер берілді.

Кәсіпкерлік кодекс бойынша семинар өткізілді
Дата публикации
31 января 2023