Тамақ өнімдерін сатып аларда өнімнің затбелгісіне назар аударыңыз!

Тамақ өнімдерін сатып аларда өнімнің затбелгісіне назар аударыңыз!

Жыл сайын азық-түлікке аллергиясы бар адамдар саны тұрақты түрде артып келеді. Жеткізу қызметтерінің алуан түрі пайда болуымен азық-түлікті таңбалау мәселесі де күшеюде.

Тұтынушы тауарды сатып алу кезінде бірінші кезекте өнімнің затбелгісіне назар аударуы қажет. Атап айтқанда, тамақ өнімдерінің қаптамасының жай-күйіне назар аудару керек (герметикалығы, зақымдану, ақау белгілерінің болмауы), таңбалануы - техникалық регламенттерге сәйкес келуі тиіс және онда мынадай ақпараттар болуы қажет: атауы, құрамы, саны, дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, дайындаушының атауы және орналасқан жері, пайдалану, оның ішінде тамақ өнімдерін дайындау бойынша ұсынымдар және (немесе) шектеулер, егер оны осы ұсынымдарсыз немесе шектеулерсіз пайдалану қиын болса, не денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін болса, тағамдық құндылық көрсеткіштері, азық-түлік өнімінде гендік-түрлендірілген организмдерді (ГМО) қолдана отырып алынған компоненттердің болуы туралы мәліметтер, Кеден одағына (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі.

Тамақ өнімдері Кеден одағының келесі Техникалық регламенттеріне сәйкес болуы тиіс: "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы"(КО ТР 021/2011) және "Тамақ өнімдері оны таңбалау бөлігінде" (КО ТР 022/2011).

Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2022 жылы санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін 1499 тамақ өнімінің сынамасын сатып алып, зерттеді. Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін 114 сынама анықталды. Оның ішінде 93 сынамада таңбалануы бойынша сәйкессіздіктер анықталды.  Атап айтқанда, 88 (94,6%)  сынамада таңбалау мемлекеттік тілде жазылмаған, 4-еуінде (4,3%) ұйымның атауы мен орналасқан жері мемлекеттік тілде көрсетілмеген, 1-еуінде (1,1%) өнімнің атауы көрсетілмеген.

Сәйкессіздіктердің негізгі үлесі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнімдері арасында анықталды.

Тамақ өнімдерін сатып аларда өнімнің затбелгісіне назар аударыңыз!
Дата публикации
30 января 2023