ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" РММ 2023 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторингтеу нәтижелері туралы аналитикалық анықтама
Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (бұдан әрі-Департамент) ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық – эпидемиологиялық бақылау комитетінің (бұдан әрі-Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.
Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 594 бұйрығымен бекітілген Ережені басшылыққа алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мониторингтеу нәтижелері туралы ақпарат:
Департаментпен көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің жалпы саны-барлығы 4 қызмет.
1)"эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру";
2)"тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру";
3)"қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғау аймақтарына, шикізат пен өнімге зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру";
4)"патогендігі I-IV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру";
Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны-4;
Қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны-0.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген стандарттары мен регламенттерінің саны - 4.
2022 жылдың қаңтар айында барлығы - 61 мемлекеттік қызмет көрсетілді, 46 рұқсат құжаттары берілді, 15 дәлелді бас тартылды.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру, 23-өтініш келіп түсті, 13-рұқсат беру құжаттары берілді, 10-дәлелді бас тартылды
Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың шекті жол берілетін шығарындылары мен шекті жол берілетін төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғау аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларына, шикізат пен өнімге 37-өтініш келіп түсті, 32-рұқсат құжаттары берілді, 5 - дәлелді бас тартылды.
Патогендігі I-IV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат алу үшін өтініш түспеді.
Тамақ өнімдерін өндіру /дайындау/ өндіру объектісіне есептік нөмір беру үшін -1 өтініш түсті, -1 рұқсат құжаттары берілді, дәлелді түрде беруден бас тартылды – 0.
Қорытынды беруден дәлелді бас тартудың себептері:
1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында көзделмеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер;
2) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) санатты алу кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған мәліметтердің сәйкес келмеуі;
4) мәліметтер нысанын толық және дұрыс толтырмауы (мәліметтер нысанында еңбек қызметі толтырылмаған);
5) көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының мәлімделген мамандыққа сәйкес келмеуі;
6) осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбау және т. б.
Мамандар арасында Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру-жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет:
Департаменттің 2023 жылға арналған ұйымдастыру іс-шаралар жоспарына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерімен, жобалау ұйымдарының өкілдерімен дөңгелек үстелдер, аумақтық басқарма мамандарымен уақтылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша семинарлар өткізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері: ішкі бақылау тұрақты негізде жүргізіледі. Ішкі бақылаудың мақсаты мемлекеттік қызметтерді көрсетудің қолжетімділігі, ашықтығы және уақтылығы болып табылады.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері: уәкілетті органға Талдамалық анықтамасы бар тоқсан сайынғы есептерді ұсыну.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мониторингтеу нәтижелері: 2023 жылдың қаңтар айы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағым болған жоқ.