Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның мамандары кәсіпкерлік субъектілерінен және ұйымдардан профилактикалық бақылау және (немесе) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері негізінде өтініш келіп түскен кезде санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар береді:
- жоғары эпидемиялық маңызы бар объектінің шекті жол берілетін шығарындылар бойынша, зиянды заттардың шекті жол берілетін төгінділері бойынша, ЭМӨ әсер ету шекараларын белгілеу және радиотехникалық объектілерді (радиоэлектрондық құралдарды) орналастыру жөніндегі, есептік (алдын ала) және белгіленген (түпкілікті) санитариялық-қорғау аймақтарын белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына сәйкестігіне.
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мыналарды қамтиды:
- ұсынылған құжаттарға (немесе жобаларға) сараптама жүргізу;
- зертханалық және аспаптық зерттеулер мен сынақтар жүргізу (объектілерді санитариялық-эпидемиологиялық сараптау кезінде);
- объектіні тексеру (объектілерді санитариялық-эпидемиологиялық сараптау кезінде).
Эпидемиялық маңызы жоғары объектілердің сәйкестігін бағалау кезінде мынадай негізгі талаптар ескеріледі:
- субъектінің (сараптама объектісінің) сипаттамасы: сараптама объектісінің шаруашылық жүргізуші субъектіге тиесілігі (меншік құқығында және (немесе) жалға алынатын немесе өзге де нысандар);
- қызмет саласы мен түрі, объектінің қуаты (өнімділік, (немесе) отыратын орындар саны, (немесе) жобалық/нақты орындар саны);
- объектіге рұқсат беру құжаттары (оның ішінде заңнамаға сәйкес бұрын берілген, бар болса),
- объектіні орналастыру сипаттамасы (оның қауіптілік сыныбы, санитариялық-қорғау аймағының (СҚА), санитариялық ажыраулардың (СА) белгіленген мөлшері. Есептік (алдын ала) және белгіленген (түпкілікті) (өзгертілген) СҚА белгілеу жөніндегі жобаларға СЭҚ. СҚА аумағының режимі. Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына зиянды заттар мен физикалық факторлардың шекті жол берілетін шығарындылары мен шекті жол берілетін төгінділері бойынша нормативтік құжаттама жобаларына (заңнамада көзделген жағдайларда) СҚА ж.т.б.
- объект аумағының сипаттамасы;
- объектінің үй-жайларының, ғимараттары мен құрылыстарының жиынтығы, құрамы мен ауданы, оларды функционалдық мақсатына сәйкес пайдалану, үй-жайлардың ішкі безендірілуі және т. б.;
- санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар, денсаулық сақтау объектілерінің, кір жуу орындарының болуы;
- сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, жарықтандыру, желдету және ауаны баптау сипаттамасы.
Субъектілер есептік (алдын ала) және белгіленген (түпкілікті) санитариялық-қорғау аймақтарын белгілеу жөніндегі жобаларды ұсынған кезде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. бұйрығымен бекітілген 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 "Адамның мекендеу ортасына және денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғау аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 9-қосымшасында белгіленген мынадай талаптарды (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) ескеруі қажет:
Сараптама барысында осы талаптар болмаған кезде субъектіге дәлелді бас тарту беріледі.