Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сай келесі жұмыстар атқарылды.
Қазақстан Республикасының Президентінің 2022 жылғы 22 ақпанындағы «Қазақстан Республикасының Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» №814 Жарлығына сай Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің жана редакциясы шығуына байланысты Департаменттің және қалалық және аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармаларының ұжымыдарына 19 семинарлар жүргізілді.
2022 жылы 15 мемлекеттік қызметшіге және 1 жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша жеке консультациялық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, 13 азаматтарды қабылдау өткізілді. 209 мемлекеттік қызметші арасында анонимді сауалнама жүргізілді.
Департаменттің Алқа отырысында Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде 2021 жылы атқарылған жұмысы бойынша және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында 2022 жылдың 1-ші жартыжылдығында атқарылған жұмысы баяндалды.
Мемлекеттік қызметтің оң имиджін сақтауына белсенді үлестерін қосып жүргендерің ескере отырып 23 – маусым мемлекеттік қызметшілер күні мейрамы қарсанында Әдеп жөніндегі уәкілінің ұсынысымен 5 мемлекеттік қызметші Департамент басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.
Теріс материалдарды анықтау мақсатында әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің аккаунттарына тұрақты негізде мониторинг жүргізілуде. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік этика нормаларын бұзу фактілері бойынша шағымдар түскен жоқ.