Әдеп уәкілі басқарма басшыларымен семинар өткізді
Ағымдағы жылдың 14 қазанында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің «Antikor Ortalygy» сервис орталығында Батыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшылары мен қалалық және аудандық басқарма басшыларымен кездесу ұйымдастырылды.
Шараға БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкілі Нұрлыбек Мұстаев, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет саласын бақылау Басқармасының басшысы Даурен Хаиров, БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің превенция Басқармасының бас маманы Динара Жумабаева қатысты.
Батыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Нұрлыбек Мұстаев ағымдағы жылдың өткен кезеңінде атқарылған жұмысы туралы баяндады. Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі 2022 жылғы жоспарына сәйкес, Департаменттің және қалалық, аудандық басқармалардың мемлекеттік қызметшілеріне 15 семинар өткізген. 10 мемлекеттік қызметкерге, 1 жеке тұлғаға кеңес беріп, 8 жеке қабылдау ұйымдастырды. Әдеп ережелерін сақтау және ұжымның моральді-психологиялық ахуалын қалыпты ұстау мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында анонимді сауалнама жүргізілген, сауалнамамен 134 мемлекеттік қызметкер қамтылды. Әдеп жөніндегі уәкілінің ұсынысы бойынша 5 мемлекеттік қызметкер мемлекеттік қызметтің абыройы мен ұжымның жағымды ахуалының қалыптасуына қосқан үлесі үшін Алғыс хаттармен марапатталды.
Мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік этика нормаларын бұзу фактілері бойынша шағымдар түскен жоқ.
Кездесу соңында мамандарға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәденитетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағыттылған әулеметтік бейнеролик көрсетілді.