2022 жылдың 3 тоқсанында өткізілген жұмыс бойынша есеп
Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілімен 2022 жылдың 3 тоқсанында Сырым, Қаратөбе, Ақжайық аудандарына барып, мемлекеттік қызметшілермен кездесулер ұйымдастырылды.
3 тоқсанда 4 мемлекеттік қызметшіге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша жеке консультациялық көмек көрсетілді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында 2022 жылдың 1-ші жартыжылдығында Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде атқарылған жұмысын баяндады. Сонымен қатар, азаматтарды қабылдау, 5 лекция және семинарлар өткізілді. 13 мемлекеттік қызметші арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Теріс материалдарды анықтау мақсатында әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің аккаунттарына тұрақты негізде мониторинг жүргізілуде. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік этика нормаларын бұзу фактілері бойынша шағымдар түскен жоқ
.



