"Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі №11-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" БҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың 10 мамырындағы _№13-ПГВр Қаулысы

Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы 30 сәуірдегі №11-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 150-бабы,  21-бабы 12-тармағының 6)-тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы №387 «Төтенше жағдай туралы» Заңының 16-бабы 2-тармағының 2) тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығын, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі - БҚО) халқы арасында коронавирустық инфекциямен (бұдан әрі - КВИ) сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу және адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында және Қазақстан Республикасының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сондай-ақ БҚО аумағында КВИ-дің жаңа жағдайларының тіркелуіне байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі №11-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» қаулысына төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі №11-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» Қаулысының Қосымшасы Осы Қаулының Қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Департамент басшысының орынбасары Н.Е.Мұстаевқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап заң күшіне енеді.

 

 

Батыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері М.Арыспаев   

 

 

Батыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы

10 мамырдағы №13-ПГВр қаулысына  қосымша

 

 

Ұйымдар үшін уақытша жабуға жатпайтын,

рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі

 

1) Денсаулық сақтау жүйесі, мыналарды қоса:

  • ауруханалар мен емханалар (денсаулық сақтау басқармасының тізімдері бойынша);
  • зертханалық қызметтер;
  • 2020 жылғы 4 мамырдан бастап медициналық орталықтар (жұмыс тәртібі жазылу бойынша) - сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • ветеринариялық және мал шаруашылық жедел көмек қызметтері;
  • 2020 жылғы 4 мамырдан бастап стоматологиялық клиникалар (жұмыс тәртібі жазылу бойынша) - сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • емхананың медициналық тауарларын дистрибуциялау;

2) Қалалық инфрақұрылым және коммуналдық қызметтер, мыналарды қоса:

  • электр энергетикалық компаниялар;
  • сумен жабдықтау;
  • газбен жабдықтау компаниялары;
  • жылумен жабдықтау;
  • электриктер, сантехниктер қызметтері;
  • өрт сөндіру қызметі;
  • көшелер мен үй-жайларды жинау жөніндегі қызметтер;
  • қалдықтарды жинау, өңдеу және зарарсыздандыру;
  • дезинфекциялау;
  • телекоммуникация (аудандар мен Орал қаласы әкімдері белгілеген тізімдер бойынша);
  • қоғамдық көлік қызметтері, ресми тіркелген такси қызметтерін қоса;
  • әуежайлар;
  • теміржол бекеттері;
  • пошта, курьерлік және жүк қызметтері;
  • әлеуметтік қамсыздандыру;
  • 2020 жылғы 4 мамырдан бастап ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары - сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

3) өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы:

  • тағам өнеркәсібі, бірінші қажетті тауарларды өндіруді қоса;
  • ауыл шаруашылығы;
  • химреагенттер;
  • дәрілік препараттар;
  • медициналық жабдықтар/құралдар;
  • фармацевтика, химия өнеркәсібі;
  • санитарлық гигиена өнімдері;
  • үйге арналған қағаз бұйымдар;
  • машина жасау;
  • металлургия, дайын металл бұйымдарын өндіру;
  • жеңіл өнеркәсіп.
  • мұнай-газ өнеркәсібі

4) сауда, тамақтандыру қызметтері және құрылыс, мыналарды қоса:

  • 2020 жылғы 12 мамырдан бастап барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды және эпидемияға қарсы іс – шараларды сақтай отырып, жабық үлгідегі азық-түлік базарлары: жеке қорғану құралдарының жеткілікті саны: маскалар, қолғаптар, санитайзерлердің, антисептиктердің болуы тиіс, дезинфекция жүргізу және желдету, сауда сөрелер арасындағы қашықтықты сақтау (көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тамақ өнімдерін сату тек қорапталған түрде жүргізілуі тиіс) - сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • азық-түлік дүкендері (көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тамақ өнімдерін сату тек қорапталған түрде жүргізілуі тиіс) - сағат 09.00 ден 21.00 ге дейін рұқсат етіледі;
  • дәріханалар;
  • АЗС, АГЗС;
  • жеткізу қызметтерін көрсететін (тек жеткізу үшін) мейрамханалар/барлар/кафелер/асханалар (жеткізу қызметтері жоқ қоғамдық тамақтану объектілері қызметін тоқтатуы тиіс);
  • құрылыс, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу, абаттандыру, тұрғын үй, жол және инфрақұрылым (аудандар мен Орал қаласы әкімдікдерінің тізімдеріне сәйкес); 
  • 2020 жылғы 4 мамырдан бастап құрылыс дүкендері, базарлардың аумағында орналасқан нысандарды қоспағанда;
  • автоқосалқы бөлшектер дүкендері (базарлардың аумағында орналасқан сауда нүктелерін қоспағанда);
  • 2020 жылғы 4 мамырдан бастап ауданы 500 ш.м. дейінгі сауда үйлерінде орналасқан азық-түлік павильондарына сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі (көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тамақ өнімдерін сату тек қорапталған түрде жүргізілуі тиіс);
  • 2020 жылғы 4 мамырдан бастап ауданы 500 ш.м. дейінгі азық–түлік емес дүкендерге - базар аумағында және ірі сауда үйлерінде орналасқан сауда объектілерін қоспағанда, сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін (барлық бағыттар) жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • 2020 жылғы 4 мамырдан бастап фотосалондар, гүл дүкендері (дүңгіршектер), базарлардың аумағында және ірі сауда үйлерінде орналасқан объектілерді қоспағанда.

5) басқа да маңызды қызметтер, соның ішінде:

  • тағам өнімдерін, дәрілер мен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ бірінші қажетті тауарларды жеткізу қызметтері – сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • тағам өнімдерінің, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдардың қоймасы/ дистрибуция;
  • банктік қызметтер (карантин кезеңінде бөлімшелердің кемінде 50% жабу, жұмыс істейтін бөлімшелердің тізімдерін банктің сайтында жариялау, жұмыс режимін сағат 10.00-ден сағат 16.00-ға дейін шектеу, инкассаторлардың, байланыс орталығы қызметкерлерінің, техникалық қолдау инженерлерінің, кассирлердің, телеком жабдықтары жүктерімен машиналардың немесе компанияның жүкқұжатына сәйкес қала бойынша қозғалысына рұқсат беру);
  • қонақ үйлер (тек персоналды және карантиндегі науқастарды казармалық режимге орналастыру үшін);

Ескерту: қонақ үйдің ішіндегі кәсіпорындар өз қызметін тоқтатуы тиіс.

  • жатақханалар (тек персоналды және карантиндегі науқастарды казармалық режимге орналастыру үшін, сондай-ақ ЖОО және білім беру нысандары қызметкерлерінің тұруы үшін);
  • қарттар үйлері;
  • 2020 жылғы 11 мамырдан бастап медициналық-әлеуметтік мекемелер – сағат 09.00 ден 16.00-ға дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • 2020 жылғы 11 мамырдан бастап түзету кабинеттері (жұмыс тәртібі жазылу бойынша) – сағат 09.00 ден 16.00-ға дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • балаларға арналған үйлер;
  • үйсіз адамдарға арналған орынжайлар;
  • жануарларға арналған орынжайлар;
  • жерлеу қызметтері жөніндегі агенттіктер, крематорийлер мен зираттар;
  • БАҚ.
  • Жиһаз өндірісі;
  • ТЖО, автожуу, шиномонтаж қызметі;
  • 2020 жылғы 4 мамырдан бастап шаштараз, сұлулық салондары (жұмыс тәртібі - жазылу бойынша), базарлар аумағында және ірі сауда үйлерінде орналасқандарды қоспағанда, сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • 2020 жылғы 4 мамырдан бастап жылжымайтын мүлікпен операциялар бойынша ұйымдар, жарнама агенттіктері - сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • 2020 жылғы 4 мамырдан бастап адвокаттық қызметтер және нотариустардың қызметтері - сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • 2020 жылғы 4 мамырдан бастап микроқаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері - сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • 2020 жылғы 4 мамырдан бастап ателье және аяқ киім жөндеу - базар аумағында және ірі сауда үйлерінде орналасқан нысандарды қоспағанда, сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

6) аса маңызды нысандар, соның ішінде мемлекеттік басқару органдары мен барлық құқық қорғау органдары, арнайы органдар, мемлекеттік органдар.

7) ғимараттар мен нысандарды күзетуді қамтамасыз ететін қызметкерлер.

                                                                                                                                                                                                                        

Дата публикации
10 мая 2020