"Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №14-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" БҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №15-ПГВР Қаулысы

Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы 11 мамырдағы №14-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 150-бабы,  21-бабы 12-тармағының 6)-тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабын, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі - БҚО) халқы арасында коронавирус инфекциясымен (бұдан әрі - КВИ) сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу және адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында және Қазақстан Республикасының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сондай-ақ БҚО аумағында КВИ-дің жаңа жағдайларының тіркелуіне байланысты, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №14-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» қаулысына төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

         Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №14-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» қаулысының Қосымшасы осы Қаулының Қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Департамент басшысының орынбасары Н.Е.Мұстаевқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап заңды күшіне енеді.

 

Батыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері                      М.Арыспаев  

 

 

 

Батыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы 16 мамырдағы №15-ПГВр қаулысына  қосымша

 

 

Ұйымдар үшін уақытша жабуға жатпайтын,

рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі

 

1) Денсаулық сақтау жүйесі, мыналарды қоса:

  • ауруханалар мен емханалар (денсаулық сақтау басқармасының тізімдері бойынша);
  • зертханалық қызметтер;
  • медициналық орталықтар (жұмыс тәртібі жазылу бойынша) - сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • ветеринариялық және мал шаруашылық жедел көмек қызметтері;
  • стоматологиялық клиникалар (жұмыс тәртібі жазылу бойынша) - сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • емхананың медициналық тауарларын дистрибуциялау;

2) Қалалық инфрақұрылым және коммуналдық қызметтер, мыналарды қоса:

  • электр энергетикалық компаниялар;
  • сумен жабдықтау;
  • газбен жабдықтау компаниялары;
  • жылумен жабдықтау;
  • электриктер, сантехниктер қызметтері;
  • өрт сөндіру қызметі;
  • көшелер мен үй-жайларды жинау жөніндегі қызметтер;
  • қалдықтарды жинау, өңдеу және зарарсыздандыру;
  • дезинфекциялау;
  • телекоммуникациялар (аудандар мен Орал қаласы әкімдері белгілеген тізімдер бойынша);
  • қоғамдық көлік қызметтері, Орал қ. ресми тіркелген такси қызметтерін қоса;
  • әуежайлар;
  • теміржол бекеттері;
  • пошта, курьерлік және жүк қызметтері;
  • әлеуметтік қамсыздандыру;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары - сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

3) өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы:

  • тағам өнеркәсібі, бірінші қажетті тауарларды өндіруді қоса;
  • ауылшаруашылығы;
  • химреагенттер;
  • дәрілік препараттар;
  • медициналық жабдықтар/құралдар;
  • фармацевтика, химия өнеркәсібі;
  • санитарлық гигиена өнімдері;
  • үйге арналған қағаз бұйымдар;
  • машина жасау;
  • металлургия, дайын металл бұйымдарын өндіру;
  • жеңіл өнеркәсіп.
  • мұнай-газ өнеркәсібі

4) сауда, тамақтандыру қызметтері және құрылыс, мыналарды қоса:

  • азық-түлік базарлары, барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды және эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып: жеке қорғану құралдарының (маскалар, қолғаптар, санитайзерлер, антисептиктер) жеткілікті болуы, үй-жайды дезинфекциялау және желдету, сауда сөрелерінің арасындағы қашықтықты сақтау, тамақ өнімдерін сату тек қана өлшеп-оралған түрде, көкөністер мен жемістерді қоспағанда - сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • азық-түлік дүкендері (тамақ өнімдерін сату тек қана өлшеп-оралған түрде, көкөністер мен жемістерді қоспағанда) - сағат 09:00 ден 21:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • дәріханалар;
  • АЗС, АГЗС;
  • жеткізу қызметі бар мейрамханалар/барлар/дәмханалар/асханалар (жеткізу үшін ғана, жеткізу қызметі жоқ қоғамдық тамақтану объектілері өз қызметін тоқтата тұруы тиіс)
  • 2020 жылдың 18 мамырынан бастап 30 орынға дейінгі ашық үлгідегі жазғы кафелер - сағат 11:00 ден 20:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • құрылыс, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу, тұрғын үйді абаттандыру, жол және инфрақұрылым (аудандар мен Орал қаласы әкімдіктерінің тізімдеріне сәйкес);
  • құрылыс дүкендері;
  • автоқосалқы бөлшектер дүкендері;
  • ауданы 500 ш.м. дейінгі сауда үйлерінде орналасқан азық-түлік павильондары (тамақ өнімдерін сату тек қана өлшеп-оралған түрде, көкөністер мен жемістерді қоспағанда) - сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • ауданы 500 ш.м. дейінгі азық–түлік емес дүкендерге (барлық бағыттар) - сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • 2020 жылдың 18 мамырынан бастап ауданы 2000 ш.м. дейінгі азық-түлік емес дүкендер (барлық бағыттар) - сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • 2020 жылдың 18 мамырынан бастап азық-түлік емес базарлар - сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • фотосалондар, гүл дүкендері (дүңгіршектер).

5) басқа да маңызды қызметтер, соның ішінде:

  • тағам өнімдерін, дәрілер мен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ бірінші қажетті тауарларды жеткізу қызметтері – сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • тағам өнімдерінің, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдардың қоймасы/ дистрибуция;
  • банктік қызметтер, екінші деңгейдегі банктердің барлық бөлімшелері (алдын алу шараларын қамтамасыз ету және эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау арқылы жұмыс режимін сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін шектеу, инкассаторлардың, байланыс орталығы қызметкерлерінің, техникалық қолдау инженерлерінің, кассирлердің, телеком жабдықтары жүктерімен машиналардың немесе компанияның жүкқұжатына сәйкес, қала бойынша қозғалысына рұқсат беру);
  • қонақ үйлер (тек персоналды казармалық режимге және карантиндегі науқастарды орналастыру үшін);

Ескерту: қонақ үйдің ішіндегі кәсіпорындар өз қызметін тоқтатуы тиіс.

  • жатақханалар (тек персоналды казармалық режимге және карантиндегі науқастарды орналастыру үшін, сондай-ақ ЖОО және білім беру нысандары қызметкерлерінің тұруы үшін);
  • қарттар үйлері;
  • медициналық-әлеуметтік мекемелер – сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • түзету кабинеттері (жұмыс тәртібі жазылу бойынша) – сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • балаларға арналған үйлер;
  • үйсіз адамдарға арналған орынжайлар;
  • жануарларға арналған орынжайлар;
  • жерлеу қызметтері жөніндегі агенттіктер, крематорийлер мен зираттар;
  • БАҚ.
  • ХҚКО, бизнес орталықтар (кеңселер);
  • Жиһаз өндірісі;
  • ТЖО, автожуу, шиномонтаж қызметі;
  • шаштараз, сұлулық салондары барлық қызмет түрі (жұмыс тәртібі - жазылу бойынша) - сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • жылжымайтын мүлікпен операциялар бойынша ұйымдар, жарнама агенттіктері - сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • адвокаттық қызметтер және нотариустардың қызметтері - сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • микроқаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері - сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • ателье және аяқ киім жөндеу - сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • 2020 жылдың 18 мамырынан бастап туристік компаниялар – сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • 2020 жылдың 20 мамырынан бастап мектепке дейінгі балалар ұйымдарында жас ерекшеліктеріне қарай бір кезекші топтан ашылады (біріктірілген бөбекжай және 1-ші кіші, 2-ші кіші, орта, біріктірілген жоғары және мектепке дейінгі топ, бірақ әр жас тобында 15 баладан артық емес), жатын үй-жайларда кемінде 1 метр қашықтықты, барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды және эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау: жеке қорғану құралдарының (маскалар, қолғаптар, санитайзерлер, антисептиктер) жеткілікті саны болуы, дезинфекция, желдету және үй-жайларды кварцтау. Медициналық қызметкер балабақшаның барлық қызметкерлері мен балалардың күн сайынғы таңертеңгілік фильтрін жүргізеді. Учаскелік педиатрдан денсаулық жағдайы туралы анықтамалары бар балаларды қабылдау (3 жұмыс күнінен артық болмаған жағдайда). Жіті респираторлық жұқпалар (жоғары температура, жөтел, тұмау) және басқа да жұқпалы аурулардың белгілері бар қызметкерлер мен балаларды жұмысқа жібермеу;
  • 2020 жылдың 18 мамырынан бастап білім беру орталықтары, үйірмелер, балалар даму орталықтары (толымдылығы 10 адамнан аспайтын) - 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты, барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды және эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып: жеке қорғану құралдарының (маскалар, қолғаптар, санитайзерлер, антисептиктер) жеткілікті саны болуы, дезинфекция жүргізу және үй-жайларды желдету - сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • 2020 жылдың 18 мамырынан бастап спорт нысандары (тек ашық алаңда, 30 адамға дейінгі спортшылар үшін, көрерменсіз); теннис корты (30 адамға дейінгі спортшылар үшін, көрерменсіз), барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды және эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып: жеке қорғану құралдарының (маскалар, қолғаптар, санитайзерлер, антисептиктер) жеткілікті саны болуы, дезинфекция жүргізу және үй-жайларды желдету;
  • 2020 жылдың 18 мамырынан бастап мәдениет нысандары (қызметкерлер үшін, 30 адамға дейін, көрерменсіз), барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды және эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып: жеке қорғану құралдарының (маскалар, қолғаптар, санитайзерлер, антисептиктер) жеткілікті саны болуы, дезинфекция жүргізу және үй-жайларды желдету;
  • 2020 жылдың 18 мамырынан бастап химиялық тазалау жұмыстары - сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

6) аса маңызды нысандар, соның ішінде мемлекеттік басқару органдары мен барлық құқық қорғау органдары, арнайы органдар, мемлекеттік органдар.

7) ғимараттар мен нысандарды күзетуді қамтамасыз ететін қызметкерлер.

 

 

Дата публикации
16 мая 2020