Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2020 жылғы 30 сәуірдегі №11-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 150-бабы, 21-бабы 12-тармағының 6)-тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы №387 «Төтенше жағдай туралы» Заңының 16-бабы 2-тармағының 2) тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығын, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі - БҚО) халқы арасында коронавирустық инфекциямен (бұдан әрі - КВИ) сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу және адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында және Қазақстан Республикасының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сондай-ақ БҚО аумағында КВИ-дің жаңа жағдайларының тіркелуіне байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі №11-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» Қаулысының Қосымшасы Осы Қаулының Қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Батыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері М.Арыспаев