Атмосфералық ауа және ауыз су сапасы бақылауда

          Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрақты негізде ауыз су мен атмосфералық ауаға мониторинг жүргізеді.

          2022 жылдың 6 айында атмосфералық ауаның сапасына, яғни  санитариялық-химиялық көрсеткіштерге атмосфералық ауаның 10284  сынамасы зерттелді, 60 сынамада (0,6%) ауытқулар анықталды.

          Анықталған сәйкессіздіктер бойынша жергілікті атқарушы органдарға ақпарат жіберілді.

           Сонымен қатар,  департаменттің  аумақтық бөлімшелері мамандары ауыз судың сапасына микробиологиялық көрсеткіштерге су құбыры суының 953 сынамасын зерттеді, оның ішінде 32 сынама (3,4%) гигиеналық нормативтерге сәйкес келген жоқ. Санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 931сынама зерттелді, 141 сынамада (15,1%) ауытқулар анықталды.

           Су сапасының нашарлауының себептері көп, бұл - қардың еруі, су құбыры желілерінің тозуы кезінде қайталама ластану, авариялар нәтижесі және т.б.

           Ауыз суда анықталған сәйкессіздіктер бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілерге, жергілікті атқарушы органдарға ұсыныс хаттар жолданды.

 

 

 

Атмосфералық ауа және ауыз су сапасы бақылауда
Дата публикации
07 июля 2022