БҚО-да 2022 жылдың І жартыжылдығында ерекше тәртіп бойынша 494 тексеру жүргізілді

          2022 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысы бойынша эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерге қатысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ерекше тәртіп бойынша 494 тексеру жүргізілді.

          2022 жылдың І жартыжылдығына облыс бойынша халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексеруге жоспарланған нысан саны 591 болатын. Бақылау және қадағалау субъектілеріне қатысты жартыжылдық кестенің орындалуы 84%-ды құрады. Жүргізілмеген тексерулердің себептері көп жағдайда: күрделі жөндеу, объектілердің жабылуы, қайта құрылуы болып табылады. Тексеру нәтижелері бойынша 373 нысанда бұзушылықтар анықталды, бұл 76%-ды құрады.

          Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен оның аумақтық басқармалары бақылау және қадағалау субъектілерін жоспардан тыс тәртіппен де (мысалы, бұзушылықтарды жою туралы бұрын берілген нұсқамалар бойынша, азаматтардың шағымдары бойынша және т.б.) тексере алады. 2022 жылдың І жартыжылдығында барлығы 151 жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

БҚО-да 2022 жылдың І жартыжылдығында ерекше тәртіп бойынша 494 тексеру жүргізілді
Дата публикации
04 июля 2022