2022 жылдың 2 тоқсанында өткізілген жұмыс бойынша есеп

Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілімен Қазақстан Республикасының Президентінің 2022 жылғы 22 ақпанындағы «Қазақстан Республикасының Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» №814 Жарлығына сай Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің жана редакциясы шығуына байланысты Жәнібек, Тасқала, Теректі және Бәйтерек аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармаларының ұжымыдарына семинар жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 2 тоқсанында 5 мемлекеттік қызметшіге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша жеке консультациялық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, 5 азаматтарды қабылдау, оның ішінде 4 ауданға бару арқылы, 5 лекция және семинарлар өткізілді. Мемлекеттік қызметтің оң имиджін сақтауына белсенді үлестерін қосып жүргендерің ескере отырып 23- маусым мемлекеттік қызметшілер күні мейрамы қарсанында Әдеп жөніндегі уәкілінің ұсынысымен 5 мемлекеттік қызметші Департамент басшысының алғыс хаттарымен марапатталды. 47 мемлекеттік қызметші арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Теріс материалдарды анықтау мақсатында әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің аккаунттарына тұрақты негізде мониторинг жүргізілуде. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік этика нормаларын бұзу фактілері бойынша шағымдар түскен жоқ.

2022 жылдың 2 тоқсанында өткізілген жұмыс бойынша есеп
Дата публикации
04 июля 2022