Батыс Қазақстан облысының аумағында
коронавирустық инфекцияның (COVID-2019)
таралуына жол бермеу жөніндегі
шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 150-бабы, 21-бабы 12-тармағының 6)-тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы №387 «Төтенше жағдай туралы» Заңының 16-бабы 2-тармағының 2) тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығын, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа ала отырып, Қазақстанда карантиннің 2020 жылдың 11 мамырына дейін ұзартылуына байланысты, Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі - БҚО) халқы арасында коронавирустық инфекциямен (бұдан әрі - КВИ) сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу және адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында және Қазақстан Республикасының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сондай-ақ БҚО аумағында КВИ-дің жаңа жағдайларының тіркелуіне байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.1. Батыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізу;
1.2. Батыс Қазақстан облысы аудандары/Орал қаласы елді мекендерінің аумағында кез келген қатынас жолдары арқылы тоқтаусыз транзиттік тасымалдарын жүзеге асыру;
1.3. Батыс Қазақстан облысы аудандары/Орал қаласы елді мекендерінен азаматтар мен көлік құралдарының кіруіне/шығуына тыйым салу, төмендегілерді қоспағанда:
- бұрын Батыс Қазақстан облысы аудандары/Орал қаласы елді мекендерінен шыққан Батыс Қазақстан облысының аудандары/Орал қаласы елді мекендерінің тұрғындары Батыс Қазақстан облысының аудандары/Орал қаласы елді мекендеріне қайтқан кезде;
- бұрын Батыс Қазақстан облысы аудандары/Орал қаласы елді мекендеріне кірген басқа өңірлердің тұрғындары Батыс Қазақстан облысының аудандары/Орал қаласы елді мекендерінен шыққан кезде;
- бұрын Қазақстан Республикасы аумағына кірген шетел азаматтары елімізден шыққан кезде, сондай-ақ әуе көлігімен одан әрі елімізден шығу мақсатында кіргендер;
- бұрын шет мемлекеттің аумағына кеткен БҚО азаматтары БҚО-ға қайтқан кезде;
- Батыс Қазақстан облысының аумағынан тыс жерлерге емделуге кеткен БҚО азаматтары, Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының рұқсатын ұсынған кезде;
- Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстанға бағыт алған еліміздің және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметі персоналдары мен олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ шет мемлекеттер делегациялары мен халықаралық ұйымдар мүшелері;
- пойыз және локомотив бригадаларының мүшелері, теміржол тасымалдау процестеріне қатысатын тұлғалар, әуе, теңіз кемелерінің экипаждары, халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүк автокөліктерінің жүргізушілері;
- БҚО азаматтары отбасыларының мүшелері болып табылатын шетелдіктер (туысқандық байланыстарын растаған жағдайда – (ері (зайыбы), олардың ата-аналары, балалары);
- қала маңындағы аймақтарда тұратын және Орал қаласы/ауданда жұмыс істейтін тұрғындар, сондай-ақ Орал қаласы/ауданда тұратын, бірақ өңірлерде жұмыс істейтін тұрғындар (кіру/шығу – Орал қаласының/ауданның коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – ЖТ) басшысының шешімі бойынша және оның жеке жауапкершілігімен);
- жүк тасымалдарын жүзеге асыратын тұлғалар мен автокөлік құралдары;
- Орал қаласының/ауданның жұмыс тобымен жеке тәртіпте қаралатын өзге де ерекше жағдайлар;
- отбасы мүшелері мен жақын туыстарын (ата-аналары (ата/анасы), балалары, асырап алушылар, толық және толық емес туысқандық қатынастағы ағалары, апалары, аталары, әжелері, немерелері) жерлеуге бара жатқан адамдар, растайтын құжаттары болған кезде, сондай-ақ отбасы мүшелері мен жақын туыстарының мүрдесін (денесін) жерлеу орнына апару үшін ілесіп жүрген адамдар.
1.4. Өте қажетті болмаса, ауыл/кент/қала бойынша адамдар мен жеке көліктің қозғалысына тыйым салу, келесідей жағдайларды қоспағанда:
- http://www.STOPCOVID.KZ. сайтында тіркелген, қызметі Жедел Штабпен бекітілген салалар тізіміне енгізілген ұйымдар үшін жұмыс орнынан анықтама болған жағдайда, тұратын жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай қозғалуға.
- тіркеу мәліметтеріне сәйкес (уақытша тіркеуді қоса алғанда), тұратын жерінен кемінде 2 км қашықтықтағы дүкендерден азық-түлік тауарларын сатып алу;
- тіркеу мәліметтеріне сәйкес (уақытша тіркеуді қоса алғанда), тұратын жерінен кемінде 2 км қашықтықтағы дәріханалардан дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу;
- тіркеу мәліметтеріне сәйкес (уақытша тіркеуді қоса алғанда), тұратын жерінен кемінде 500 метр қашықтықта үй жануарларын серуендету, кемінде 30 минут;
- медициналық мекемелерге шұғыл жағдайларда бару;
- күтпеген төтенше жағдайлар және адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа да жағдайлар болған жағдайда үйден шығу;
Ескерту: тұрғылықтыжерденқашықтықтыбақылау онлайн карталардың (2GIS, Yandex карты, Googlemaps) қызметтері арқылы жүзеге асырылатын болады.
- туысқандар, таныстар, көршілер, әріптестер және т.б. баруға тыйым салынады;
- қоғамдық орындарда, бір отбасының адамдарын қоспағанда, үштен артық адамның жиналуына тыйым салынады;
- жоғарыда көрсетілген мақсаттар үшін Батыс Қазақстан облысы аудан/қалалары аумағында кәмелеткетолмағандардыңүлкендердіңілесуінсізқозғалуынатыйымсалынады.
1.5.Осы қаулының қосымшасында көрсетілген және http://www.STOPCOVID.KZ сайтында тіркелген уақытша жабылуға жатпайтын ұйымдар үшін рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімін қоспағанда, барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың (меншік нысанына қарамастан) қызметін тоқтата тұру:
Кәсіпорындар мен ұйымдар осы тізімге облыстың Жедел штабының шешімімен, аудандар мен Орал қаласы әкімдерінің өтініші бойынша немесе жоғары тұрған орталық мемлекеттік органдардың шешімі бойынша енгізілуі немесе шығарылуы мүмкін.
Облыстың Жедел штабының қабылдаған шешімі туралы ұйымдар мен кәсіпорындар http://www.STOPCOVID.KZ.сайты арқылы sms-хабарламалармен хабардар етіледі.
1.6.Қоғамдық көліктің жұмыс кестесін өзгерту;
Қоғамдық көлік барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, сағат 06.00-ден сағат 20.00-ге дейін шектеулі тәртіп аясында жұмыс істейтін болады.
Қоғамдық көліктің толтырылуы қатаң түрде отырғызу орындары бойынша болуы тиіс.
Қоғамдық көлік антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс, қоғамдық көлікке тек жеке қорғану құралдарымен (медициналық бетперде, қолғаппен) кіруге рұқсат етіледі.
Жеңіл көліктің (такси) толтырылуы 3 адамнан аспауы тиіс. Жеңіл көлік жеке қорғану құралдарымен (медициналық маскалармен, қолғаптармен және антисептиктермен) қамтамасыз етілуі тиіс.
1.7. Ауыл/кент/қаланың белгілі бір ұйымдары мен кәсіпорындары қызметкерлерін ерекше режимге ауыстыру;
Медициналық мекемелерінің, БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің (бұдан әрі - БҚО ТКҚСҚБД) және оның аумақтық басқармаларының, БҚО төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – БҚО ТЖД) және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері үшін көліктер бөлінуі қажет.
БҚО аудандары мен Орал қаласының әкімдері барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, оларды орналасқан/тұрғылықты жерлерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай тасымалдау мақсатында көліктердің жүру маршруттары әзірленуі қажет.
1.8. БҚО аудандары елді мекендері, Орал және Ақсай қалаларында ауқымды ағымдағы дезинфекциялауды жүзеге асыру.
Ағымдағы дезинфекциялау келесідей аумақтарды тазалауды/тазалау жиілігін қарастырады:
Ағымдағы дезинфекциялау арнайы Дезотрядтармен жүргізіледі, процедура барлық тартылған қызметтермен келісілген (ТКҚСҚБД, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Орал қаласы мен аудандардың әкімдіктері).
Дезинфекция жүргізу кезінде денсаулыққа зиян келтірмеу үшін өңдеуден кейін 5 сағат ішінде далаға шықпау ұсынылады.
Халықпен алдын ала байланыс орнату (БАҚ, әлеуметтік медиа, баннерлер, кіреберістерге үнпарақтар) қала/аудандардың ішкі саясат бөлімдерімен, ауылдық, кенттік округтер, қала және аудан әкімдері аппараттарымен жүзеге асырылады.
Карантиннің ұзақтығы соңғы науқасты оқшаулау және жұқтыру ошағында дезинфекциялық іс-шаралар аяқталған сәттен бастап COVID-19 вирусының инкубациялық кезеңіне (инкубациялық кезең 14 күнді құрайды) байланысты анықталады.
1) жоғарыда аталған талаптарды бұзушылық немесе орындамау анықталған кезде ҚР қолданыстағы заңнамасы және өз құзыреті аясында дереу шаралар қабылдасын;
2) азаматтардың қоғамдық орындарда, саябақтарда, гүлзарларда болуына жол бермеу мақсатында енгізілген шектеулердің сақталуы бойынша патрульдеу ұйымдастырсын;
3) карантиндік аймақты толықтай қоршауды қамтамасыз етіп, қалаға жаяу кіру мүмкіндігінің жолын кесу;
4) аса қатаң санкцияларға көшу, сондай-ақ алдын алу мақсатында мұндай фактілерді БАҚ-тарда кеңінен жарялау;
5) қоғамдық кеңістіктерді патрульдеу, оларды жарықтандыру және бейнебақылаумен жабдықтау жөніндегі шараларды күшейту;
6) қажет болған жағдайда басқа бағыттардың күшін қайта бөле отырып, полицияның барлық құрамын жұмылдыру;
7) төтенше жағдай кезеңінде сот төрелігін іске асыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыспен күрес бойынша алгоритм әзірлеу;
8) сыбыстар мен арандату ақпараттарының жолын кесу жұмыстарын ерекше бақылауға алу. Мұндай деректерді таратуға ұмтылушылықтың кез келген жолы қатаң кесілуі тиіс, авторларды анықтап, жазалау қажет.
1) созылмалы аурулары бар науқастардың бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарға келуін, оларды үйде медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру арқылы шектеу. Аталған ұйымдардың тек жіті аурулары бар науқастар үшін жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
2) пандемия дамуының әртүрлі нұсқаларына (соның ішінде ең пессимистік) қарай, дәрілік құралдармен қамтамасыз етілу жағдайын зерделеу.
1) тәулік ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің, сауда нысандарының, коммуналдық қызметтердің және өзге де ұйымдардың басшыларымен карантин аймағына кіруге және шығуға арналған шектеулердің күшейтілуі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
2) азық-түлік бөлімдерінде кезекке тұру бойынша жүйелі жұмыстарды ұйымдастыру;
3) қаланың дүкендерінде, супермаркеттерінде және сауда үйлерінде барлық кассалардың алдында 2 метр сайын қозғалыс жолақтары мен қашықтық сызықтарын - «Жол таңбасын» орналастыруды қамтамасыз ету;
4) барлық автобустарда қолдарын антисептикалық құралдармен өңдеу және жеке қорғаныш құралдарын тағу қажеттігі туралы хабарлауды ұйымдастыру.
1) БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы тұрғындарды қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы кеңінен ақпараттандыруды жүзеге асыру;
2) тұрғындар үшін қосымша қабылданған карантиндік шектеу шаралары туралы жаднама, соның ішінде барлық қажетті шұғыл және авариялық қызметтердің байланыс телефондарын көрсете отырып, азаматтар үшін сақтық шараларын алу, төтенше жағдай кезеңінде көшеде жүру ережелері туралы нұсқаулық әзірлеу;
3) жағдайдың өзгеруі және ауырған науқастар санының өсуін есепке ала отырып, БАҚ-тың жұмысын бірыңғай үйлестіруді және орталықтандыруды қамтамасыз ету.
1) жұмыс күнін 2 (екі) сағатқа қысқарту;
2) төмендегідей сақтық шараларын қабылдай отырып, өз қызметкерлерінің, клиенттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етсін:
- «Батыс Қазақстан облысының аумағында жаңа коронавирустық жұқпаның (COVID-2019) әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» 2020 жылғы 30 наурыздағы №5-ПГВр қаулысы;
- «Батыс Қазақстан облысының аумағында жаңа коронавирустық жұқпаның (COVID-2019) әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №5-ПГВр қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылдың 13 сәуірдегі №6-ПГВр қаулысы;
- «Батыс Қазақстан облысының аумағында жаңа коронавирустық жұқпаның (COVID-2019) әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №5-ПГВр қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылдың 15 сәуірдегі №7-ПГВр қаулысы;
- «Батыс Қазақстан облысының аумағында жаңа коронавирустық жұқпаның (COVID-2019) әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №5-ПГВр қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылдың 15 сәуірдегі №8-ПГВр қаулысы;
- «Батыс Қазақстан облысының аумағында жаңа коронавирустық жұқпаның (COVID-2019) әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №5-ПГВр қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылдың 24 сәуірдегі №9-ПГВр қаулысы;
- «Батыс Қазақстан облысының аумағында жаңа коронавирустық жұқпаның (COVID-2019) әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №5-ПГВр қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылдың 27 сәуірдегі №10-ПГВр қаулысы;
Батыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері М.Арыспаев
Батыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы
30 сәуірдегі №11-ПГВр қаулысына қосымша
Ұйымдар үшін уақытша жабуға жатпайтын,
рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі
1) Денсаулық сақтау жүйесі, мыналарды қоса:
2) Қалалық инфрақұрылым және коммуналдық қызметтер, мыналарды қоса:
3) өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы:
4) сауда, тамақтандыру қызметтері және құрылыс, мыналарды қоса:
5) басқа да маңызды қызметтер, соның ішінде:
Ескерту: қонақ үйдің ішіндегі кәсіпорындар өз қызметін тоқтатуы тиіс.
6) аса маңызды нысандар, соның ішінде мемлекеттік басқару органдары мен барлық құқық қорғау органдары, арнайы органдар, мемлекеттік органдар.
7) ғимараттар мен нысандарды күзетуді қамтамасыз ететін қызметкерлер.